"Армысың МАССАГЕТ"!

"Армысың МАССАГЕТ"!
жеке
блог

Сәлем, достар! Бүгін массагет порталына тіркелдім. Келешекте осы порталда жазбаларымды жариялаймын."Бірінші болсаң көз тиеді, соңында қалсаң сөз тиеді" демекші, жазған блогтарым алдыңғы қатарлардан орын алмаса да, соңынан көрінбесіне шын сенемін. Жанына бәрін жылы әрі жақын ала тұра, шексіз қиялға берілген адамдардың бірімін. Сондықтан да өзек жарды мәселелерден басқа, өмірде болған тәжірибеммен бөлісіп, оқырмандардың көңілін табармын деген ойдамын. Келешекте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-не түссем деген арманым бар. Әрине, еш дүние оңайлықпен берілмес. Массагет порталы - менің шығармашылығымның бастамасы. Өйткені, тәрбиелік мәні зор, дүниетаным шеңберін кеңейтуге септігін тигізетін, келешек ұрпаққа тіл мүддесін насихаттау жолында өз орнын алатын, мен білетін сайттардың ішіндегі бірі де бірегейі болғандықтан жаныма жақын. Алдағы күндерде алғашқы мақаламды да жариялап қалармын. Күтіңіздер.