Арманыңыздың орындалғанын қаласаңыз...

Арманыңыздың орындалғанын қаласаңыз...
жеке
блог

Қанша жаста болсақ та, біздің қиялымызға шектеу жоқ. Сол қиялдардың қосындысынан арман туындайды.

Әркімнің арманы әртүрлі. Біреуі үлкен үй, әдемі көлік қаласа, енді бірі-сүйікті жар,махаббат,табысты өмір тілейді. Айта берсең өте көп. Шексіз...

•Біз жалпы дұрыс армандап жүрміз бе? 

•Неге армандап қана жүре беремін деп ойландыңыз ба? 

•Арманыңызды іске асыруға не кедергі?

  Кедергі жоқ! Адамның мүмкіндігі шексіз. Шектеу тек өз ой-санаңызда ғана. Енді "Алматының қақ-ортасынан керемет,үлкен үйім болса ғой"-деудің орнына, "Алматының қақ-ортасынан керемет,үлкен үй аламын" деңіз. Бойыңызда осы істі орындауға деген сенімділік пайда болып, оны тезірек іске асыруға ұмтылатын боласыз. Кім біледі, мүмкін алыс-жақын арада сол арманға қолыңыз да жетіп қалар. Алайда, бұл сөзді қайталай бергеннен түк шықпайтынын естен шығарманыңыз жөн. Оның тез орындалуы үшін, арманыңызды бір қағаз бетіне түсіріп, мақсатқа айналдырыңыз. Содан соң барынша еңбек етіп, жан-жақты шыңдалыңыз. Осының бәрінен кейін ғана арманыңызға жете аласыз.

   Ал таңның атысы мен кештің батысы төсекте жатып, қанжығаңыздың қашан майланатынын күтіп жата берсеңіз, арманыңыздан күдеріңізді үзе берсеңіз болады. Сіз мұны қаламайсыз ба? Ендеше қимылдайтын кез-келді! Жұмсақ төсекті тастап, арманға бағыт алыңыз. Бәрі оңай. Сүрінетін жерлер болады, әрине. Алайда, орныңыздан тұрып, "жеңіс пен жеміс кубогын" алуға асығыңыз. Арманыңыз орындалсын, құрметті оқырман!

   Мақала авторы: Аяулым Джанат