" Армансыз адам қанатсыз құспен тең" деген. Адам баласы кішкене балғын балапан шағынан , өмірден кеткенше тоқтаусыз армандаумен болады. " Арман дегеніміз ақыл-ойдың шындығы. Құс ұщсам дейді, бала-өссем дейді, қарт-жүзге жетсем дейді, ұстаз-шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді, адасқан арманына жете алмайды. Арманына ақылды жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді. Санамызда арман көп, ал орындалмағаны оданда көп" демей ме? Адам арманға жету үшін алдына мақсат қояды да оған табандылықпен жүріп отырады. Ол үшін мақсатыңның маңыздылығын сезіну және кері шегінбеу, кедергілер кездессе де нәтижеге жету үшін барынша күш-жігер жұмсау қажет. Мақсатқа ұмтылатын адам өмірде көп нәрсеге қол жеткізе алады. Бастысы – неге жету керек екеніңді айқын елестетіп көру, қайда және неге бара жатқаныңды анық дәл білу. Мына кең дүниеде қаншама адам баласы бар. Және олардың әрқайсысында мыңдаған арманнан. Ол армандар да түрліше. Менің бір құрбым " Еш адам аяғы баспаған жер тауып алсап ғой. Және сол жерге Қазақстан деген ат берсем" дейтін. Керемет емес пе? Достарым, сіздер қалай армандайсыздар?