Арманың не?
блог
«Арманың не?» деген сұрақтан бұрын арманың бар ма, сен арманыңның орындалуына қандай қадамдар жасадың деген сұрақтардың болуы заңдылық.
Армансыз адам – қанатсыз құспен тең. Адамзат армандауды қойып бара жатқан секілді. Тіршіліктің бағытымен, уақыттың тық-тық еткен даусымен, күнігі әдетімізбен кетіп бара жатқан біреуміз... Әркім өзінше бірдеңе айтып, сол іспен айналысып жүреді. Сұрасаң айтпайды. Болар да болмай айтқыза қалсаң болмашы бір дүниеге қызығу, анау құсап жүру, мынау құсап киіну, әлгіге ұқсап шаш қою, оны қойшы әлгіге ұқсап жөтелуді де ойланып, сол әуремен бас айналдырып жүрген бір әурешілік...
Оның арманы жаман, менікі жақсы дегендей дүние емес. Арманым үйленіп, үй болу. Балаңның былдырлағане, біраздан соң еркелей күлгенін көріп, жалғыз жарыңды жүз құбылта киіндіріп, осы сұлулыққа, өмірдің байыпты бір шақтарына кету – менің үлкен Арманым. Жұмыстан үйге қарай асығып, демалуға барғың келеді. Әкелеп қарсы алған балаң мен әйелің, үтіктелген таза киім, дәмді тағам... Міне, осы шақтар біткен соң өмірдің дым да қызығы жоқ. Қуаныш пен қайғыны бірге көріп, өткелдерді өткен мен, жарым, балам...
Сіз не туралы армандайсыз?