Арманымнан бас тарттым...

       8 жасымнан бастап журналист болғым келді. Алғаш рет сахнаға "Бастауышпен қоштасу" шарасында шықтым. Ал сол атмосфераны әліде ұмыта алар емеспін. Ата-анам видеодан көргенде "үнемі осылай кіріп-шығып жүресің ба?" деген. Бесінші, алтыншы сыныпта жай ғана армандадым. Жетінші сыныпта мектепте сайыс  өтті. Сол сайыстың жеңімпаздары мектепішілік шаралардың жүргізушісі болатынын мәлімдеді. Қатты үміттендім.Бірақ...

       Ол менің сәтсіздіктерімнің жай ғана басы екен.  Маған ең қиыны қолдаушының болмауы еді. Неге екені белгісіз мүлде бірінші орын ала алмадым. Белгісіз емес-ау әлсіздігімнен. Мәнерлеп оқуларға барынша жиі қатыстым. Өкініштісі мақтау қағаздарымның көбісі жай ғана "Белсене қатысқаны үшін" деген сипатқа ие болды. "Кім боласың?" деген сұрақтарға журналист деп жауап беруші едім. Алайда, жауабыма оң қабақпен қараған адамды байқай алмадым. Сыныпта досым Мария екеуіміз үздік оқушымыз. Сондықтан болар мұғалімдер көбіне екеуімізден сұрайтын. Мұғалімдер де, ата-анам да жауабымды жарытпайды. Тіпті, бір мұғалім маған тым қатты айтып жіберген болатын. Өзіме дейінгі журналист болғысы келетіндерді мысалға алып, тұспалдап менің оларға ілеспейтінімді байқатты. Содан кейін журналист болғым келмеді. Негізі, болғым келмеді емес, қайта құштарлығым арта түсті. Алайда, енді ешкімге айтпауға бел будым...

 Жай ойланып жүргенде МАССАГЕТке тап болдым. Қызық шабытым қайта ояна бастады. Бұл менің алғашқы қадамдарының бірі. Арманымды мақсатқа айналдыруға көмектескен МАССАГЕТТІКТЕРГЕ көп рахмет!



Бөлісу: