Арманымды кімге ұрлаттым?!
блог
ҮРЕЙ... Үздіккен үмітіме ұрлыққа түсетін сұрқияның нақ өзі осы... Бұрын арманның астарына үңілмегенмін бе, бәрі де қол созым жерде тұратындай көрінуші еді. Ал енді, ал енді қорқыныш басым...
Менің де басқалардай бақытты болғым келеді...Менің де қазіргіден мол шаттыққа бөленуге хақым бар. Қажыр-қайратым да жеткілікті. Тек ҚОРҚЫНЫШтан құтыла алмай жүрмін. Бұрынғы адуынды күйді, алдыңғы асқақ арманды, бағзы сенім мен үмітті кімге ұрлаттым осы?!
Ертеңім не болмақ?! Талайдың артқан үмітін тасаға тығып, тыныш өмір сүру бір тұрғыдан алғанда тәп-тәуір жақсы шығар... Дегенмен... Дегенмен, өкінішке толы өмірімді "әттеңсіз" жалғау қолымнан келмей жүр....
Қара түнекке тығылу шаршатты... Аппақ аспанның шарбы бұлттарын шарлағым келеді... Аппақ көңіл, аппақ арман, аппақ тағдырымды құшақтап, құлазусыз, мұңсыз, өкінішсіз... Мен бүгін Алладан АРМАН сұраймын... Армандаудан тым алыстап кетіппін-ау... Арманға көмілген балалығымды сағындым... Соның барлығы бүгінім болса да... Ертеңімнің бүгінгі армандары ай кезіп қайда кеткен?! Ертең... Жо-жоқ, жаман дүние ойлауға ҚҰҚЫМ ЖОҚ менің! Менің ертеңім "армансыз өмірге" айналатын шығар деп ойладым...
22-қазан. Көңіл күнделігінен