Арманымдағы қала!

Париж (фр. Paris) — Франция елінің астанасы, маңызды экономикалық және мәдени орталығы. Франция ортаңғы бөлігінің солтүстігінде, Иль-де-Франс аймағында, Сена өзенінің жағасында орналасқан. Ұраны — Fluctuat nec mergitur («Оны тербелтеді, бірақ ол батпайды»). Парижде 13 млн халық тұрады.

 

Тарихи деректерге сүйенсек қала Филлип Август королінің тұсында ғана өркендеп өсе бастаған. Қала жоспары шеңбер үлгісінде құрылған. Архитектуралық ансамбілдері ғасырлар бойы қалыптасты. Готика үлгісіндегі архитектуралық құрылыстардың дені Сита аралына шоғырланған. 13 ғ-да шіркеулер мен монастырьлар салына бастады. Нақ осы тұста атақты Нотр Дам де Пари қолға алынса керек. В.Гюго оны «Париж - құдай аналарының соборы» деген атпен әлемге әйгілі етті.

Атақты Лувр 1204 жылы салына бастап, сол тұста 20 мың шәкірті бар Париж мектептері университет болып бірігеді, алғашқы университет 1629 жылы салынған.

 

Париж климаты қоңыржай, теңіздік.

 

Эйфель мұнарасы бүкіләлемдік көрмеге арналып 1889 жылы салынады

Парижде әлемге әйгілі Г. Эйфель мұнарасы, Үлкен және Кіші сарай, ЮНЕСКО ғимараты, Шайо сарайы, Пантеон, СенЖеневьев кітапханасы, т.б. бар.

Парижде болған адам көп архитектуралық ескерткіштерге күтпеген жерде кезігіп жатады. Сондай бағзы мұралардың бірі - Сен-Мартен арнасы (каналы). Су арнасының (каналдың) үстіне ұзақ жылдарда көптеген көпір тұрғызылып, әрқайсысы өзгеше сәулет туындысына айналды.

Тұтастай алғанда бір-бірінен бөліп жарғысыз айшықты өнер ансамбелін құрайды.

Тұрғындардың айтуы бойынша қаланы Сен-Мишель бульварынан бастап аралау керек. Бұл жер француз жастарының сүйікті орны. Бульвардан таяк тастам жерде Люксембург сарайы бар. Мария Медичидің әмірі мен салыған әсем ғимарат Еуропа сәулет өнерінің ғажайып туындысы ретінде әлемге белгілі.

1977 жылы Парижде елеулі оқиға болды. Тобур көшесінде Ұлттық театр ашылды, оған Жорж Помпидудың есімі берілді. Театрда сурет галереясы, көрме залдары, аса бай кітапхана, грамжазба жинағы бар. Театр үйінің жобасына халықаралық байқау жарияланғанда 681 үлгі келіп түсіпті, солардың ішінен итальян Р.Пьяно мен ағылшын Р.Роджерстің жобалары таңдалып алынған. Енді, міне, биіктігі 50, ұзындығы 150 ені 50 метр ғажайып ғимарат Париждің мақтанышына айналып отыр. Сондай-ақ әлемге әйгілі Елисей алаңы да осында. «Суретті кітап көрмесі». Францияның транспорт желісінің барлығы Парижден магистралінен бастау алады. Дүние жүзіндегі ең жүрдек (экспресс) поезд Париж—Бордо бағытында 350 км. жылдамдықпен жүреді.



Бөлісу: