Мен-Бекен Наргиз Маратқызы,сонау Димаш атам кірпішін қалаған Қапшағай қаласында 2000-жылдың ,4-тамызында дүниеге келдім.Қапшағай дегенде жүрегім елең ете қалады. Осындай тарихы бар қалада дүниеге келгенімді мақтан етемін! Димаш атам салған мектепте білім алып,осы жылы мектепті үздік бітірдім. Мен үшін Димаш атамыздың аяғы тиген көшелерде жүрудің өзі үлкен бақыт!Менің өмірлік ұстанымым Абай Құнанбайұлының мына сөздерінде жатыр:
"Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Ақылың мен еңбегің екі жақтап".
Мен үшін үлгі тұтарлық бірден-бір тұлға осы-Абай.Абайдың өзі-дара,сөзі-дана.Абай атамның жолын қуып келемін. Бос уақытымда ақ парақ пен қара сияны ермек қылып өлең жазамын. Сол өлеңге гитара аспабында ән шығарамын. Алламның берген өнерін әрі қарай дамыту үшін өте көп еңбек етуім керек.Хоббиім-ақындардың өлеңдерін жатқа оқу,домбыра аспабында күй ойнау. Ақын жанын түсуну өте қиын. Көбісі ақындарды қияли деп жатады.Мүмкін солай да шығар. Кейде үнсіз отырып,ән айтқанды жаным сүйеді. Мен әрдайым өзіме сенетін адаммын. Өзіме деген сенімнің арқасында арманымды айқын білемін. Арманым-журналист болу. Әрине,оңай еместігін барлығы айтады. Бірақ мен үшін алынбайтын асу жоқ! Арманыма бір-екі қадам қалғанда,қалай артқа шегінемін?
Бала кезімнен байқауларға қатысқанда ұнатамын. Осы жолы да бағымды сынап көрейін дедім. Менің сүйіп оқитын сайтым- "Массагет".Массагеттің өзінің бір тылсым күші бар-ау...Оқырманды өзіне тез баурап алады. Шынымды айтсам,осы сайтқа кірген кезде,шығатын есігін таппай қаламын. Болашақта "Массагет" сайтының ұжымына осындай байқауларды жиі ұйымдастырып тұрса екен деймін. Арманымызға массагетпен бірге жетейік!Болашақтың кілті өз қолыңызда! Мен "Арша" тобының қатысушысымын. Барлық қатысушыларға сәттілік жолдас болсын дегім келеді!