Арманым орындалған күн

Массагеттік достарым, осыдан бес жыл бұрын нақ осы күні менің арманым орындалған еді. Мұны сіздерге айтпау мүмкін емес. Бес жыл бұрын менің сіңлім дүние есігін ашты. Өмірімде сіңлім болса екен деп, армандаған едім. Міне, орындалған арман деп осыны айт. Сіңлім болғанда қандай деп отырған боларсыздар. Үлкен ағамның ең біріншісі. Бірақ ол ағамның қызы емес, анамның қызына айналған. Яғни, менің сіңлім. Сонымен сол қыздың есімін мен қойған едім. Әкемнің көзі тірісінде рұқсатын алып, батасын алғанмын.

Мектеп уақытында "Абай жолы" кітабын оқып, бір кейіпкерге кәдімгідей ғашық болып қалғанмын. Ғашықтығым соншалық, сіңлімнің есімін - Тоғжан деп қойдым. Абайдың Тоғжанындай көрікті де, ақылды болса кәнеки. Міне, осылай өмірімде алғаш рет сәби есімін қойған жайым бар. Сол балапаным бүгін беске толды. Оның болашағынан үлкен үміт күтемін. Өйткені, жанымыздан әкеміз ұзаған уақыттарда, жұбаныш болып сол келді. Әсіресе, анам үшін қатты қуандым. Қасына серік, демеу болады деп. Оны бәріміз қатты жақсы көреміз. Одан кейін де қанша сәби отбасымызға қосылып жатса да, Тоғжанымыздың орны тым бөлек.

Ал, енді жылап жібермей отырғанымда, доғарайын))).

                                 



Бөлісу: