АРМАНЫМ МЕНІҢ

АРМАНЫМ МЕНІҢ
жеке
блог

            Арманым менің

 Армансыз пенде, жоқ шығар мынау жалғанда,

Әр бір жан лайық қиялдап, армандауға да.

Қол жеткізу оңайға түсер, әрине,

Арманы – биік, мақсаты – айқын жандарға

 

Абай атамдай ақын болғым келетін,

Тереңге бойлап, сөз маржанын теретін.

Арманым асқар Алатаудың шыңындай,

Жан болғым келет, халқым маған еретін.

 

Тәуелсіз елде, бақытты менің өмірім,

Ақтасам деймін ата – анамның сенімін.

Қарымды қалам иесі болсам деп ойлайм,

Арманшыл мынау тұлпардай жүйрік көңілім.

 

Халқымды мына жеткізсем деймін бақытқа,

Қуанта берсем, бейбіт күндерде шаттықта

Ана тілімде шұбарланбаса ешқашан,

Арман жоқ дер ем, елдігім мәңгі сақталса.

 

Болашақ барда, шырағымыз сөнбейді,

Егемен ел болдық, керегеміз кеңейді.

Көркейсін қалам, өркендесін ел-жұртым,

Армансыз адам қанатсыз құспен тең дейді.