Арманым

Ең алғаш рет  массагеттің табалдырығын аттағанымда менде түрлі тақырыпта блог жазғым келді. Негізі арманым тілші болу, сондықтанда өзімді түрлі тақырыптарда блог жазуға сынап көруді ұйғардым.Ең алғашқы блогымды қандай тақырыпта жазсам екен деп көп ойландым. Ақыры сіздермен арманым жайлы бөліскім келеді. 

Арманым тілші болу...

9-сыныпта оқып жүргенімде 2007-2008 жж Хабар арнасында "Кеш қалмаңыз" бағдарламасын қалдырмай көретінмін. Өткені ол бағдарламаны менің сүйікті тележүргізушім басқаратын. Ләйлә Сұлтанқызы- осы жүргізуші апайды көргенімде сол кісіге ұқсап журналист болуды аңсадым. Ол кісінің сөйлеген сөзі, көгілдір экрандағы жүріс-тұрысы, бәрі-бәрі менің журналистика әлемін таңдауыма,өмірлік арманыма айналуына түрткі болды. Сөйтіп 9 сыныпты бітіріп,қазақ тілі мен әдебиетті оқуға колледжге тапсырдым. 4 жыл оқып,бітірдім. Соң журналистикаға тапсруға бел будым. Тапсырдым емтихандар екі кезеңнен тұрады, бірінші - шығармашылық емтиханнан өттім. Бірақ екінші тестілеуден 1 балл жетпей, түсе алмадым. Бірақ шегінуге жол жоқ,артымызда Москва демекші, бір жыл өтіп тағыда, екінші рет журфакқа тапсырдым.Тағы да түсе алмадым, арманға жету жолы соншалықты қиын болатынын ойламаппын. Арманға жету  жолы-тар жол - тайғақ кешу сияқты. Осы жылы тағы да бағымды сынап көрмекшімін. Мүмкін түсіп кетермін. Бір Алла жар болғай!



Бөлісу: