Армансыз адам-қанатсыз құс, ал мақсатсыз адам кім болғаны? (байқау)
блог
Мақсат деген не? Осыдан бастағаным жөн болар. Менің түсінігім бойынша, арман мен мақсат сөзі қатар жүретін нәрсе.Арман дегеніміз-адамның ойындағы жүзеге аспаған,болашақта жүзеге асуы мүмкін іс-әрекет. Ал мақсат дегеніміз-сол арманды негізге ала отырып,орындалатын іс-әрекет. Бірақ көп адамдар армандайды да, сол арманның жетегінде жүре береді. Ол дұрыс деп санамаймын. Себебі, адам армандағанда,міндетті түрде сол арманды орындаймын деген ниетпен алдына мақсат қоя білу керек.
Бүгінгі таңда, мақсатым- жоғарғы оқу орнына түсіп,грант иегері атану. Осыдан бір ай бұрынғы мақсатым- ҰБТ-дан жоғарғы балл алып,ата-анамның,ұстаздарымның,маған сенген адамдардың үмітін ақтау еді. Ол үшін мен тыңбай еңбек еттім,нәтижесінде,сол мақсатыма жеттім. Мен күнде,мақсат қоямын.Ол шағын бір күндік жоспарым десем де болады. Мысалы:
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Ас әзірлеу | Үй тірліктерін жасау | Кітап оқу | Әлеуметтік желіге кіріп,почтамды тексеру | Сүйікті істеріммен айналысу |
Осылайша кесте құрып отырамын. Бұл менің құпиям болатын.Сіздермен бөлісіп отырмын.Ал болашаққа келер болсам, жоғарғы оқу орнымның белсенді,алға қояр білім алушысы, яғни студенті болғым келеді. Әрине,болашақты болжай алмаймыз ғой. Тек бір Алланың қолында екенін ескергеніміз жөн. Мақсаттың орындалуына бірден-бір себепші-өзіңіз. Шаршамай,талмай еңбек етсеңіз,мақсат-мұратыңызға жетесіз.
Армансыз адам-қанатсыз құспен тең. Ал мақсатсыз адам ше? Мақсатсыз адам-сол құстың балапаны шығар. Бұл менің жеке ойым. Неліктен балапанға теңеп отырғанымды түсіндірейін.Себебі балапанның әлі қанаты шықпаған,өмірге бейім емес болады. Сол сияқты мақсатсыз адам да өзін-өзі таба алмай,өмірге бейім емес болып келеді.