Арманның тақтасын, Кім кепіл қақпасын?!

Арманның тақтасын, Кім кепіл қақпасын?!
жеке
блог

Армандар күтер,алыстан,
Сағым бейнемен алысқам...-демекші,арманым алыстан бұлаңдап жүрген қызыл түлкі секілді боп елестейді де тұрады.Неге екені беймәлім....
Арманым қол созған сайын алыстай бере ме? немесе мен алыстап бара жатырмын ба түсінбедім...
Жалыны шарпыған оттай күш жігерім жасымаса екен...
Арманым маған қарсыласа ма екен?! Мақсатқа жетер жолдағы өзен өз арнасынан тасымаса екен...
Білмеймін өзіме өзім дүдәмал сәтті бастан кешіргенім үшін,
Әлде тайраңдап есіргенім үшін, арманым менен алыстап бара жатқандайсың ба?!Өтінем,тастама құдай үшін... Өсіп ем, басқа ма?! Құлаймын шын...
Арман.Мақсат.Айқын мүдде болған менде.Бола береді де. Қалғам.Қақсап.Айттым күнде соққан жүрек.Соға береді де.
Жалған мансап болмас үшін,
Құлатар тұрғызып.Жыға берме.Арманым биік асқар шыңым...Арандар жолға жүдә ерме!
Арманым мені тастама... Кетпеспін мен сенен басқаға. Сағым елес боп кетпе.
Әйтпесе мен жасқанам.Өтінем арманым тастама.....
Арманға талпынбай отыра берсек,мақсат көмескілене түсері сөзсіз.Сол себепті бойымнан жігерлілік,сенімділік іздей бергенім жөн болар...