Өмір... Бірде қызығы, бірде күйініші қарсы алып тұратын бұл жалғанда алдыңнан не күтіп тұрғанын білмейсің. Қас қағым сәтте барлығы бір сәт өзгеріп кетуі мүмкін. Иә, өмірімде қаншама өзгеріс болды. Бірақ, бұл өзгеріс менің өмірімді түбегейлі өзгертті. Жаз мезгілі болаты, ештеңе ойланбай, алаңсыз балалық шақтың кезеңдерінде жүрген сәтім еді. Сондай күндердің бірінде Атырауда Нұрғиса Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының бар екендігін және бұл білім ордасында журналистика мамандығының бар екендігін білдім. Сол кезде менің ойымда тек қана осы академияға түсу және журналистика мамандығының қыр - сырын ашу болды. Жаз мезгілінде мен осы академияға емтихан тапсырып, оқуға қабылдандым. Жаз мезгілінің тез біткенін қалап, академияны көруге ынтық болдым. 1 қыркүйекте менің бар армандарымның себепкері Кіші Өнер академиясының табалдырығын аттағандағы сезімімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Академияның менің өміріме алып келген бақытты сәттері аз болмады. Бұрын - соңды сезінбеген сезімдердің барлығын сезіндім. Өмірде білмеген неше түрлі оқиғаларды, барлығын осы білім ордасында білдім. Иә, кейде қиын кезеңдер болып тұрады. Бірақ сондай кездерде академияның ұстаздарына, оқушыларына қарап тұрып қандай бақытты екеніңді, керемет ордада білім нәрін сусындатып жатырғандығыңды түсінесің. Академияға оқуға түскеніме еш өкінбеймін, себебі ол менің арманыма жол ашар бірден бір себепкер. Арманыма қанат қаққан күнім осы білім ордасының табалдырығын аттаған күннен басталды.
Нысанбаева Аружан
9 сынып оқушысы