Армандарыңның орындалғанын қалайсың ба?

Армандарыңның орындалғанын қалайсың ба?
жеке
блог

Мақсат – адам арманының  жүзеге асуы жолында жасалатын жоспар. Мақсат бос қиялға қарағанда шынайырақ келеді және маңызы да зор.  Адамдардың мақсатқа жетер жолында белгілі бір жоспарлары пайда болып, оны жүзеге асыру үшін нақты іс–әрекеттер орындалады. Сонымен қатар, мақсат адамды алға жетелейтін шамшырақ іспеттес.

Мен осы артықшылықтарды ескере отырып, адам болып қалыптасу жолымдағы мақсаттарымды айқындадым. Ия, қазіргі заманда бәрі де өмірдегі орындарын тауып, тағдырдың бізге берген бар мүмкіндіктерін пайдаланғысы келетіні айдан анық. Мен де бұл жарық дүниеден барымды алып, жоғымды тапқым келеді.

Менің мақсаттарым айқындалар жолда бірнеше кезеңдерден өткен болатын. Неізгілерін көрсетіп, тәжірибеммен бөліссем деп едім:

1.Нағыз қызығатын, жаныңа жақын бір нәрcені тауып, оны ойлағанда өзіндік рухани ләззат алатын күйге бөлену. Осы кезеңде  дүниеде қаланатын кетігіңді тапқаның бәріне бастау болмақ.

2.Куә болған өзгелердің жетістіктерінен шабыт алып, осы менің де қолымнан келеді, неге байқап көрмеске деген ойда боласың. Бұл кезеңді мен «Өзім талай мықтыны мойындағам, енді өзімді өзгеге мойындатам» деп атауды жөн көрдім.

3.Қиял мен арман жетегінде...  Армандарымыздағы сәттер алғаш мүмкін емес болып көрінеді, дегенмен осы қиял барлығына да бастау болады. Егер осы кезеңді жеңісіміздің тұғырында тұрып еске алсақ, «Армандар орындалады» деген пікірге келеріміз сөзсіз.

4.Арман жетегінде жүре бермей іске кірісетін кез де келіп жетеді. Осы уақытта біз ненің ақ, ненің қара екендігін айқындап, дүниеде бәрі қиялдағыдай мінсіз болмайтындығына көзіміз жетеді. Бұл баршамызға арманымыздың алдындағы алғашқы емтихан болмақ. Сүрінбей өтсек, алда одан күрделісі тосады. Осы жолда бізді алып шығар екі тірегіміз болмақ: бірі – еңбек, бірі – төзімділік.

5.Бұл - мақсатқа жетер жолдағы қорытынды кезеңдердің бірі. Осы кезеңде  біз арманымызға қандай үлес қоса аламыз деген сұраққа жауап іздейміз. Көптің бірі болмай, немен ерекшелене аламын деп, өзіндік қолтаңбамызды табуға тырысамыз.

Мақсаттар айқындалған сәтте талмай еңбек етіп, тек алға қарай ұмтылу керек. Олардың орындалуы тек өзімізге байланысты. Жалқаулыққа жол беріп, кейін кінәні басқалардан іздеудің түкке қажеті жоқ.

Сонымен қатар, мақсаттарыңызды кітапшаға жазып, оларды белгілі бір уақыттарға бөліп, орындалуын қадағалаңыз дегім келеді.

Ия, мен барлығын түсіндірдім, ал өзімнің мақсаттарыммен  мүлде бөліскім келмейді. Және барлығыңызға осындай кеңес беремін. Мақсат, жоспарларыңызды жария етудің қажеті жоқ, өйткені ол тікелей өзіңізге ғана байланысты. Ал сыртқы орта оған жақсы әсерін тиізе алмайды.

Қазірден бастап қиялдаңыз, мақсаттар құрыңыз. Арманыңызға адал болыңыз! Бастысы, арманыңыздан адасып қалмаңыз!