Армандарымыз орындалсын (байқау)

   Мен екінші блогымда жоспарларым жайлы жазудамын. Менің армандарым өте көп. Армандарым орындалып және мен бір күні оған жетем.

   Менің бірінші мақсатым кітап оқу. Мен жазғы демалысымда мына кітаптарды оқимын:

«Сүлеймен патшаның кеніші» Авторы Генри Хаггард. «Чарли және шоколад фабрикасы» Авторы Роальд Даль. «Менің атым Қожа» Авторы Бердібек Соқпақбаев. «Geronimo Stilton» by Elisabetta  Dami. Қазақ ертегілері. Менің бұлай жоспарлауым – кітап оқығанды ұнатуымнан. Мен кітап оқысам сиқырмен ішіне кіріп кетіп, 3-D көріп отырғандай боламын.

   Мен әлемдегі барлық тілді білсем деймін. Менің тағы бір мақсатым жазғы демалысымда Корей мен Араб тілін үйреніп, әріптерін үйреніп, аз болса да сөйлесем деймін. Менің корей тілін таңдауым - анам корей тілін үйренуде және сінлімнің Жин Хин және Алеса деген корей достарымен сөйлесе аламын. Араб тілін үйренуді отбасымызбен ораза айынан бастадық.

  Мен жазғы демалысымда бірнеше сүре жаттасам деп армандап отырмын. Бұл мен мұсылман қыз болғандықтан өте керек деп ойлаймын. Құдай сүре жаттағандарды жақсы көреді.

  Сосын тағы да тенниске жаттығу, сурет салуды, тастармен танысуды бұрынғыдай бірге орындаймын.

   Барлығымыздың армандарымыз орындалсын. 



Бөлісу: