Армандарға апарар жол..

Тағатсыздана күткен жаз мезгілінің үшінші айынада жеттік. Әр жасөспірім өз уақытын өз қалауынша өткізуде. Мүмкін бірі теңіз жағасында аяғын суға малып, бірі ата-анасына жөндеу жұмысына көмектесіп, бар күшін салып та жүрген шығар. Бірі тіпті көзін ұялы телефонан ала алмай, вертуалды әлемнен шыға алар емес.

Менің жазғы демалысым ойдағыдай өтіп жатыр десем де қателеспеймін.Қазір сіздердің ойларыңызға мен де қалаларды аралап,қызықтап жүр-ау деп ойлайтында шығарсыздар. Ия, тіпті әлемді аралап жүрмін,бірақ мен парақтаған кітап беттерінде қалып қалдым. Қазір заман өзгерді, кітапті не істейсің ғаламтор барда дейтұғын пікірлердің де пайда болуын білемін. Дегенмен, кішкентай кезімізден ертегілер оқитынбыз. Балалық шағымызда “Әжемнің ертегілері, Батырлар туралы ертегілер” атты кітаптар болатын. Кітаптардың қызықтығы соншалық таң аттырып оқитынбыз. Ертегілердің өзінен қаншама тәлім-тәрбие алатындығымызға көзім жетті. Ең сүйікті ертегімнің бірі “Бай мен оның ұлдары“ Екі үлен ұлы байлықпен мақтанған кезде,кенже ұлы дені саулығына шүкіршілік ете білді. Түсінгенім байлығымыз асыл тасты заттармен әшекейленген киім немесе ақшада емес, деніміздің саулығыда. Он екі мүшеміз сау болса, әлемдегі жақсылықты көретін көзіміз, жылы сөздерді естейтін құлағымыз және сол создерге жақсылықпен жауап беретін тіліміздің барына шүкіршілік ете білуді үйретті.

Жылдар өткен сайын оқитын кітаптарымыз күрделене түсуде. Мысалы, мені психологиялық кітаптар қызықтырады. Мүмкін жасөспірім кезеңінде болғанан да болар. Жалпы кітап оқу арқылы біз өзімізге рухани байлық жинаймыз. Ал психологиялық кітаптар жасөспірім кезеңінде берер көмегі мол деп түсінемін. Осы себептен де болар психологиялық кітаптарды таңдадым.Қазіргі таңда Метьюз бен Дейл Карнегидің кітаптарын оқып шықтым.

Метьюздың “Счастье в трудные времена” атты кітабынан оқып білгенім көп болды.Қиын шақта адам бақытты екенін түсіну жайында жазған. Соның ішінде проблемалар крыса сияқты деп жазған жепін жадымда ұстап қалдым. Ешқашан қиын шақта мұңаймай, берілмей әрқашан қойған мақсатыңа жетуді үйретелді. Қорытындылай айтп өткенде қиын қыстау кезеңде өзімізді бақытты ұстауға жол көрсетеді. 

Ал Дейл Карнеги қалаларды аралап жүріп адамдарға лекция оқып беру арқылы, адамдар публиканын алдында сөйлеумен ғана шектіліп қалмай, сенімді ұстауды да үйренді. Артынан Дейл Карнегидың кітаптары да басылымнан шығарыла бастады.

Егер маған біреу қойған сұрақтарыңа жауабынды кітаптардан аласын десе сенбейтін едім. Бірақ шындық. Кітапты қолыма алғанан кейін, кейінгі үлкен өміріме қадам басқанда септігін тигізетінін түсіндім.Осы себептен де кітап армандаға жетелейтін жолының бірі. Уақыттарыңызды босқа өткізіп алмаңыздар.



Бөлісу: