Армандар орындалады,мақсатың айқын болса.

Сәлем, құрметті массагеттіктер!

Мен «Бастау» тобының мүшесі -Дабылқызы Сымбат .Менің арманым журналистика саласында ойып тұрып өз орнымды алу .Демек арманым асқақ ,мақсатым айқын .Ал мені алға жетелер мақсатыма массагетпен бірге жетпекпін . Бұл жолда Абай атамыз айтып кеткен толық адам сипатынан таймақ емеспін .

«Ақыл,қайрат, жүректі  бірдей ұста                                                                                                Сонда толық боласың елден бөлек»

Бұл менің ұстанымым ,бұл менің ұраным!

 

Мен бар нәрсені айналамдағы жандардан үйренемін. Ол менің жақындарым,мұғалімім,тіпті сыныптасым болуы мүмкін.Әрине оларға айтпаймын бірақ іштей үлгі тұтамын .

Сүйікті ісім музыка тыңдау (әсіресе жаңбыр жауғанда).Көбіне лирикалық әндерден рахаттанамын. Әдеби кітаптарды оқығанды ұнатамын .Қолымда кітабым барда мен басқа  әлемдемін.Өз әлемімде!Көркем әдебиет әлемінде ! Жазушылардан Ғабит Мүсіреповтың ана туралы шығармалары жан тебірентерлік . Ел анасы «Ұлпан» мені ерекше әсерге бөлейді.Спорттан да бей-жай емеспін . Волейболл ойнағанды ұнатамын . Маған салса доппен  күні бойы ойнап жүре берер едім .)))

Бұл жарысқа қатысудағы мақсатым- мақсатқа жету . Мақсатқа жетуді әдетке айналдыру. Бұл сайыстағы басты жеңіс- өз жеңісің . Мақсат қойып, соған ұмтылған жеңісің. Осы байқауда көптеген достар тауып ,уақытымды тиімді өткізеріме сенемін .

Баршаңызға сәттілік! 



Бөлісу: