Армандар орындалады (байқау)

Әсем  Жолдасова Қалмаханқызы  екі  мың  екінші  жылы  көктемнің  соңғы  айы  мамырдың  жиырмасыншы  жұлдызында   саялы  Сарыағаш  өлкесінде  дүниеге  келдім.


Өмірдегі  ұстанымым  ешкімді  ренжітпей  ешкімге ренжімей  айналамдағы  адамдарды  бақытқа бөлеу. Мына  өмірдегі   ең  жақын  адамдарым  ата-анам. Олардың  үкілеген үмітін  ақтау.

Өмірге келгенде  адам  баласы  бірдей  болып  жаратылғанымен  өсе келе  олар  қатты  өзгереді. Менің  еліктейтін тұлғам  жоқ  себебі  барлық  адам  жек-дара   мен  адамдардың  жақсы  жақтарын  ғана  бағалай  білемін. Керемет  деген адамның  өзінде кемшіліктер болады.Сондықтан  да  адамдардың  жақсы  жақтарын  ғана  өз  бойыма  сіңіруге тырысамын.

Хоббиім: биссир тігу, тәтті  тағамдар  дайындау. Тәттілерді жегенді  ұнатамын.Сондықтан  оларды  өзім  жасауға  тырысамын. Маған анам көмектеседі.

Бос  уақытымда  интернет  желілеріне  кіремін.Мысалы: Массагет,Вконтакте және т.б.  Бастысы  осыларға  көп  уақыт  жұмсаймын.

Өмірде  бақталастық  пен  бәсекелестік  өте   жиі  кездеседі.Сол  сияқты  көбінесе  сайыс  сабақтар мен байқауларға   қатысқанды  ұнатамын. Демалысты  құр  бекерге өткізгім  келмейді.  Байқауға  қатысқан  себебім  осы.

Алдағы  уақытта Массагет  сайты қызықты  байқаулар ұйымдастырады  деген  ниеттемін. Ал менің ұсынысым видео байқау. Мысалы қызықты  оқиғаларды  түсіру,кішкентай балалардың  қызықты  қылықтары және т.б.

Байқау жайлы  айтар  болсам  керемет болды. Мен  Томирис тобындамын  және осы  команданы  қолымнан келгенше  алға  жетелеймін.Команданың  жетекшісі Қарлыға  әпкеге және осы байқауды  ұйымдастырған  адамдарға  алғысым  шексіз. Басқа командаларға  сәттілік  серік  болсын. Ал Томирис  командасы  тек  жеңіске лайықты.



Бөлісу: