Армандар орындалады

Армандар орындалады
жеке
блог


Әр адамның ешбір жанға тіс жармаған бір арманы болады. Сол бір арманды іске асыру үшін адамдар әрекет жасайды. Еңбек етеді , кез келген белесті бағындырады . Арман жолында кездескен қиындық сипап өткен желдей білінбейді . Неге екенін білесіз бе ? Себебі , адам баласын арманы жетелеген кезде ол ешбір кедергіге кідірмейді .
Дәл сондай бір арман мені де алға жетеледі . Ол ҚазҚҰ-нің студенті атану . Бұл арманды мен мақсат етіп алдым . Сол мақсат жолында өте көп еңбек еттім . Мақсатымның берік болғаны сонша , өзімнің бойымдағы кемшіліктерді жоя білдім . Өмірдің бос ойын-сауығынан уақытша бас тартып, ҚазҰУ-нің студентіне лайық болу үшін қажетті және негізгі білімді алуға бет бұрдым . Өзімді тек қана білім жағынан емес , жан-жақты дамыта бастадым .
Иә , басқаға бұл аса маңызды болып көрінбеуі мүмкін . Алайда , мен үшін бұл-арманымның орындалуындағы ұлы жол .
Уақыт өте келе мен сол арманыма қол жеткіздім . Мақсатты орындап ҚазҰУ-нің студенті атандым . Қазақстандағы жоғары білім көшбасшысы болып табылатын ҚазҰУ еліміздің болашағына өз септігін тигізетіндей керемет мамандар дайындауда . Солардың бірі болу менің келесі бір арманым десем де болады.
Қазір ҚазҰУ нің шығыстану факультетінің шетел филологиясы: қытай тілі мамандығы бойынша білім алып жатырмын . Өз елімнің мемлекеттік тілін құрметтей отырып , алпауыт көршіміз Қытай елінің тілін бағындырғалы жатырмын .
Қорыта келгенде , әр арман бізді тек алға жетелейді . Армандаңыздар , қиялдаңыздар және сол арманды іске асырыңыздар !