Жаңа жылдан көп жақсылық күтіп, армандарымыз орындалады деп үміттенеміз. Жай ғана үміттеніп қоймай, оларды жүзеге асыру жолдарын жоспарлап қоятынымыз тағы бар. Сондай жандардың бірі – Лиана. Ол көптен бері орындалмай жүрген армандары биыл орындалады деген үмітпен өзінше биылғы жылға жоспар құрып қойды. Кестеге қараңыз:
February
Тоңазытқыштың мұзын еріту. Мармелад әзірлеу.
March
Бриллиант жүзігімді музейге өткізу.
April Мау
Ауылға барып, сиыр сауып үйрену.
June
Бақшаға құбыжық орнату.
September
Алдар көседен ағылшынша интервью алу.
December
Тасбақаларды құтқару үшін мұхит аралына бару.
Тапсырма:
Лиана қай айларға жоспар құрмаған? Ай аттарын ағылшынша жазыңыз. Лиананың орнында болсаңыз, басқа айларға қандай жоспар құрар едіңіз? Құпия болмаса, сіздің қандай ерекше жоспарыңыз бар?