Менің арманым: ЖОО-на түсіп, жақсы маман иесі болып шығу. Мен белгілі себептермен оқуға уақытында түсе алмадым, бірақ оқудың ерте - кеші жоқ қой. Былтыр түсе алмасам, келесі жылы түсіп кетермін..
Мен де студент болғым келеді.. Демек, биыл жақсылап дайындалатын боламын, Құдайға шүкір, жақын адамдарым қасымда. Олар мені қолдайды, маған сенеді. Бұдан басқа да армандар көп. Бірақ олар жасырын күйде қала берсін..
Армандар орындалады! Оны жүзеге асыру үшін өзіңе сенімді болуың керек. Егер өзіңе қаншалықты сенімдірек болсаң, алар асуың көп болмақ. Сонда сәттілік сенің жағыңда болады. Мен жақын адамдарымның сенімдерін ақтайтын боламын.
Армандаңыздар, орындалатынына сеніңіздер! Армандарыңыз орындалсын))