Армандар орындалады!
блог
Астана қаласы Оқушылар сарайының медиаорталық тілшілеріне ерекше күн! Зәулім оқушылар сарайының бұл жолғы арнайы қонағы Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева болды.Төрт қабатты ғимараттың барлық бөлмелерімен егжей-тегжейлі танысып, пресс конференция өткізді.Тек қонақ болып қана емес,сонымен қатар оқушылармен де жүздесіп үлгерді. Сарайға келуінің басты мақсаты елімізде қосымша білім беру жүйесін күшейту еді.Әрине,Дариға Нұрсұлтанқызы жалғыз болған жоқ,онымен қатар Мәжіліс департаментінің өзге де депутаттары бірге келді.
Журналистика үйірмесіне кіріп,біздің жасап отырған жұмысымызбен танысып,әңгіме дүкенін құрдық.
Бала күнімнен Дариға Назарбаева сынды билік өкілдерімен кездессем деген арманым бар еді.Сол арманым жүзеге асты.Кездесу барысында аса қобалжығаным жоқ, себебі Дариға апам бізбен әңгімені еркін жүргізді.Қасындағы депутат ата-апаларымыздың да көңілі көтеріңкі болғандықтан болар,барлығы ойдағыдай өтіп,біз үшін маңыздысы естелікке суретке түсіп те үлгердік, қолтаңбасын алып та үлгердік.Одан бұрын ықыласына бөленіп, тілегін де қабыл алдық.
"Мәссаған,өзіңді бақытты сезінген шығарсын"-деп ойлағандарыңыз бар шығар, иә,бақыттан басым айналды. Себебі: осындай билік өкілімен кездесу, жеткен жемістің шыңы шығар деп ойлаушы едім.Ал мен үшін бұл кездесу барлығының бастамасы болды.Әсіресе, көзіме дәл көзін тақап: "Журналист болғың келе ме? Дегеніңнен тайма"-деп ақылының айқаны жадымда қалды.Ондай сөздерден кейін дегенінен кім таяды?
Бұл кездесу, жаңа тарих бетінде орын алған Дариға Назарбаевамен 16 жасымда кездесуім, менің өмірлік тарихымның мұқабасында қалды.
Астана - армандардың шынайылыққа айналатын мекені.Армандар орындалады! Сіз тек қана сеніңіз, ұмтылыңыз!!!