Арман қуып келген түлек

Арман — адамды алға жетелейтін, орасан күш-қуат пен ерік жігер сыйлайтын құдіретті ұғым. Кез-келген адамзат баласы армандай алады, оған ештеңе де ешкім де шектеу немесе кедергі келтіре алмасы анық. Адам өзінің өмірін жандандырып, бақытқа кенелту үшін армандай білу шарт, және де тек армандап қана қоймай арман жолында алдына мақсаттар қойып, арманға қызмет ету керек. Мына өмірде жүрегіңде, бойыңда ыстық қан барда, болмысты да, болмасты да  болады деп арманда, - деп ақын Мұқағали  Мақатаев ағамыз да арман жайлы жырлаған. Жыр керуені алға жылжыған сайын Мұхтар Шаханов шығармалары жарық жұлдыздардың қараңғы түн қойнауынан сәулесін шашқандай жарқырай түседі. Ақынның өзі жырлағандай адамға үміт отын жандыратын, үміт отын маздататын арман керек екенін сөз өрнегімен дәлелдеген. Ал менің түлек кезіндегі армандым үздік университетке түсіп, өз мамандығымды тәмәмдау. Мен үшін мамандық тандау жай күйелту, ақша табу емес. Ол сол іске деген қызығы, сүйіспеншілігі. Бала кезден арманым журналист болу. Неге журналист? Себебі журналистика нағыз 21 ғасырдың мамандығы. Ал қазіргі ғасыр ақпарат пен жаңалықтар заманы. Мектепті тәмәмдау, қилы тағдырға қадам басу, баланының балалықтан болашаққа салар жолы. Әр түлектің жолында күтіп тұрған ол-ҰБТ. Ол тек мектеп жолындағы білімді қорытындылау ғана емес, оқушының болашақ өмірінің негізі болатын мамандығына қол жеткізудің бәрден бір мүмкіндігі. Әр пенденің ойы әр қилы. Біреу үшін бұл шешуші сәт, ал біреу үшін жәй бақылау сынағы. Дегенмен, өмір мұнымен тоқтап қалмайды. Өмір жолында бұданда қатты қиын жолдар күтіп тұрары анық. Менде өз бағымды сынап, бақылау сынағынан өттім. Бірақ қорытындысы мені қанағаттандыра қоймады. Бірақ мен өз жолымнан таймадым. Сөйтіп мен 2 емтиханды университет қаьырғасында тапсырдым. Жақсы балл алып шығып, қуанышымда шек болмады. Енді біз грант жауаптарын жаздың соңғы айында күттік. Бірақ, ол грант тізімдерінің арасынан мен өз аты-жөнімді таппадым. Ал мен қалаған жоғары оқу орны ол - Хату университеті. Ата-анам менің таңдауыма ерік беріп қалауыма кедергі келтірмеді. Бұл сынақтан құлағандардың көбісі өштеніп, қызбалыққа салынды. Бірақ мен өз жолымнан таймадым. Бала кезімдегі арманымды орындаймын!-деген мақсаттан таймадым. Таңдауым тек Хату университеті болғаннан кейін, ата-анам мені ақылы бөлімде оқытамыз деп шешті. Олар тек менің бақытты жүзімді көргім келді. Бірақ мен өзімді кінәлі санайтынмын. Олардың қолдауы мені тек алға жетеледі. Арман қуып келу. Университеттегі алғашқы күн, қадам. Ерекше сәт. Жалпы адамның өмірінің ең қызықты шағы – жастық шақ дейді. Соның ішінде студенттік жылдарға тұспа-тұс келген шақ болса керек. Армансыз пенде болмасы анық. Хату журналистикасының білім беру сапасы, практикасы, тәжірбиесі мықты деп естідім. Естінемдей болып шықты. Халықаралық университет болғаннан кейін, кейбір сабақтар ағылшынашы өтеді. Қазіргі заман талабына сай қазақ журналистеріне тән ең басты қасиетті ғалым Н.Омашев «...Ең әуелі алдындағы ақ қағазға ,қаламға  адалдық керек: қарақан басының  қамынан гөрі ел мүддесі, халық тағдыры, Отанның бүгіні мен келешегі қашанда бірінші тұруы басты талап»,-дейді. Басында сабақтан қатты  қиыншылықтар туындады. Күйзеліске түсіп, оқығым келмейді деген сәттерде болды. Талпынып, қызыққан сайын менің қолымнан бәрі келді. Сөйтіп, наурыз айында еш алаңсыз құрбыларыммен тамақтанып отырған кезде, маған бір қоңырау түсті. “Сәлеметсіз бе, Аяна Қадырхан. Сіз мемлекеттік грант иегері тізіміндесіз, ертен келіп мәлімдеме жазып кетіңіз” - деді деканаттағы қабылдаушы. Бірақ мен бұл тек грантқа ілінудің мүмкіндігі деп ойладым. Үйге келіп testcenter.kz сайтын ашып көрейін дедім. Ол жерде грантты растайтын құжат тұрды. Қуанышымда шек жоқ! Бірден ата-анама хабарлысып, жақсы жаңалығыммен бөлістім. “Біз саған сенгенбіз, Аяна” -деді. Қазірдің өзінде пратиктика жүзінде тәжірбиеміз жеткілікті. Яғни біз мақала, текстті сауатты жаза аламыз. Репортаж, сұхбаттарда түсіре аламыз. Менің бүгінгі арманым – ертеңгі болашағым болар.Бүгінгі қиялымдағы ойым – ертеңгі күнімнің еңбекпен тауып жейтін азығым. Білгерлі маман болып шығуыма көмектесетін ол-ХАТУ!



Бөлісу: