АРМАН ЖЫРЫМ - АРУЛАРЫМ...

АРМАН ЖЫРЫМ - АРУЛАРЫМ...
жеке
блог

Арман жырым – Аруларым...

 

        Қыз емес қыздың аты қызыл алтын, Көрінер туған айдай жүзі жарқын Үлкеннің алдын кесіп сөз сөйлемес Халқының сақтай білген ізгі салтын демекші,  біздің қазақтың шырайлы, көркем қазақ қыздары жайында айта беруге жалықпаймын, жалықпаспын да...  

      Бойында инабаттылық пен қазақтың табиғатынан дарыған биязылық қалып сол қызға тән тәрбие үлгісінің бірі  болса керек, ендеше өзінің қыры мен сыры мол дәстүрімізден алшақ кетпеуіміз жөн. Әр халықтың тәрбие  үлгісі әр түрлі, ал біздің қазақ халқының ұлттық тәрбие үрдісі бөлек дүние.

     Әр қыз бала ол ертеңгі болашақ Ару Ана атанар тұлға, өзінің өрімтал, көркем қалпымен бар әлемді, бар ғаламды ұстап тұрған осы біздің ару қыздарымыз. Қыздарымыз жаралған тек сүю үшін деп жырлайды көп ақындарымыз, оған еш дау жоқ, бойына бар сұлулықты жинаған, жүрегіне иман, сабырлықты дарыта білген әр қыз бала расында соған лайықты...

      Расында, Қазақ қызы мәңгі өлмес арман жырдан, қиял мен жұмбақтан жаратылған...

 

Сөзі  Ж. Баязитовтыкі

 

Қыздарға әсемдік жарасады,
Ай көркі биіктетер аласаны.
Болмаса сұлу қыз, ару әйел,
Табынып ер кімдермен таласады.

Өрімтал, көркем, сұлу мүсін,
Көргенде қайран қап, күюің шын.
Мың ақын жырласа тіл жетпейтін,
Бұл қыздар жаралған тек,
Бұл қыздар жаралған тек сүю үшін.

Қана алмас құмарың қарасаң да,
Сұлуға ынтық сұңғақ, аласаң да.
Жердегі аруға жетер емес,
Аспанның мың жұлдызын баласаң да.

Жүздірер жүректі нұрлы үмітке,
Басыңа қоятын мұңды үйіп те.
Қиял мен жұмбақтан жаратылған,
Қыз ару қалар мәңгі бұл биікте.

Шалқытып шаңырағын тамашаның,
Бақытын от басының жар ашады.
Тірліктің туы, мәні ұрпақ деген,
Аруға ана болу жарасады.

Көктегі Ай, Күндей дара тұлға,
Қыз десе дүние, дала тынған.
Қазақтың намысы – ару қыздар,
Мәңгі өлмес арман жырдан жаратылған.