...арман ғана...
блог
Амангелді Сейтқан ағайымның үнемі айтып отыратын романы бар. Соған қарағанда ұнайды білем. Ол кісі не оқыса да оқығанынан өзгеше бір дүниелер тауып алады. Соларды баяндайды. Мұнысы қырағылығынан болар?! Сөз етіп отырғаным Мұхтар Мағауиннің «Көкбалақ» романы. Оқығанымда ерекше әсер қалдырды. Тілі де әдемі, өте ойнақы. Ағайымның айтатынындай-ақ бар. Ендеше қалыптасқан әдетіме көшейін.
**Өнерің өшкенше өнерің тозбасын!
**Дүниенің басы сайран, түбі ойран.
**Өнерпаз мұраты – кісіге жағу емес. Жұртты үйірген – ұнасымды; тамсандыру, таңырқату керек, тіпті, құлдық ұрғызып қойған жөн. Бірақ сен көптің ыңғайына жығылма, көпшілік сенің ыңғайыңды тапсын.
**Жалпағынан жылжыған өрт – жолындағының бәрін жапырар қызыл тасқын тәрізді. Әсем. Сонымен қатар қорқынышты...
**Бауырға салған бала бақыт әкеледі деген рас.
**Қыздан туғанның қиығы жоқ. Әйткенмен жиеннің аты – жиен.
**Жалғыздықтан да, бейнеттен де ада. Жастай кеткендердің де өз артықшылығы бар екен.
**Қазіргі заманның адамы темірдей берік болуға тиіс.
**Қазымыр кемпірді қиярсың-ақ, туған жерді қалай тастайсың?
**Өмір мәңгілік емес. Мәңгілік емес...мәңгілік...мәңгілік...Мәңгілік – өнер ғана! Өнерім өлмеу керек еді. Мұңым – сол...
**Көше – терең шатқал түбіндегі өзен тәрізді.
**Машина шіркін – қала үшін жаралған-ау. Неше атасы жүр...Жоғарыдан қарағанда балалардың ойыншығы сияқты. Ал адамдар адамдар – илеудегі құмырсқадай.
**-Жақсыда жаттық жоқ – тегі бір,-деді өзінен өзі күбірлеп.
**Пенденің пендешілігі – қол жеткен жақсылықтың бәрін еншілі үлеске байлайды. Ең көзі қарақты кісінің өзі үшін шықпаған шың-өкініш, арман ғана, ал айырылған асқар ең парықсыз адамның өзі үшін арылмас қайғы.
**Нәрік «Көкбалақты» қарақшыдан өткізген сәтте қарт Тоқсаба да жарық дүниеден көшкен еді.