...Арман деген көп белес. Біріне шықсаң бірі бар.

...Арман деген көп белес. Біріне шықсаң бірі бар.
жеке
блог

Ұнатып жүрген адамыңның "Сені ойладым..." деген бір ауыз сөзінің өзі жаныңа рақат сыйлайды.


 

Қыздар бос күйеу тапқанына емес, дос күйеу тапқанына қуануы керек.

 

Қозы ғашық болғанмен - Баянның бағы жанған жоқ.
Төлеген ғашық болғанмен - ол Жiбектi алған жоқ.
Кебек ғашық болғанмен - Еңлiк бақытты болған жоқ.
Абай ғашық болғанмен - Тоғжанға орамал салған жоқ.
Бiржан ғашық болғанмен - Ләйлiм iздеп барған жоқ.
Бiр бiрiн сүйiп қосылған - ғашықтарда арман жоқ!


 

Қыз әкесіне - құндыз, шешесіне - жұлдыз, жездесіне - балдыз, жігітіне - жалғыз.



Кеше мен жыладым, алайда, сенің арқаңда мені бақытты болашақ күтіп тұр.


 

Сенбе, дос, өз сертінде тұрмағанға,
Махаббат жалған десе бұл ғаламда,
Махаббат болмаса егер, дала кезіп
Мәжнүн Ләйлісі үшін жынданар ма.
Махаббат теңеу емес өлеңдегі,
Емес ол аңыз болған ел ермегі,
Махаббат болмаса егер, зарлап Жібек,
Қозы үшін сұлу Баян өлер ме еді.
Ғасырлап дәуірінен озғанда өлең,
Мүмкін бе пәк сезімді жазбау деген,
Жыр кені - үлы Абайдың жүрегінде
Бітпеген бір ән кеткен Тоғжан деген.
Кей сорлы махаббатқа жолықпайды,
Ондайлар қиналмайды, торықпайды,
Аялап шын қадірлеп көрмегендер
Қызыл гүл солғанынан қорықпайды.
Күн біреу, нұр төгетін көктен жерге,
Қызғалдақ бір гүлдейді көктемдерде.
Шын бақыт екі айналып жолықпайды
Қол сілтеп, көзін жұмып кеткендерге.