Арман - деген арғымақ!

Арман - деген арғымақ!
жеке
блог

Армансыз адам - қанатсыз құс деген сөз тіркесі тегін айтылмаса керек. Әрбір адам баласы арманын іске асыру мақсатында еңбектеніп, сол жолда қажыр-қайратын қайрап көп күш жұмсайды. Менде өз арманымды шындыққа айналдыру  мақсатында кішкене күнімнен еңбектеніп келемін. Бала күнімнен әдемі сөздің майын тамызған тілші болсам деп армандадым. Осы жолда биік шыңдарға шығып,шыңдар биігінде жетістікке жетіп қуанып та ,дәл сол шыңдардан құлап налыған да сәттерім де болды.Бірақ өз арманымның жолында қандай да болмасын қиындықтарға төтеп беріп келемін.Сол армандарымның шындыққа айналдығының куәсі,қазіргі таңда қазақ балаларының арманына айналған Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультінің 1-курс студенті атандым. Бұл бастау менің өмірімдегі үлкен баспалдақтың басталғаны іспетті. Мен қазір студентпін, көкірегім арманға,жаным жақсылыққа толы. Менің қазіргі таңда армандарым өте көп.Менің армандарымның жүзеге асуы, мақсатымның орындалуы, ал менің мақсатым-елімнің дамуына үлес қосу,халқымның осындай бейбіт күн астында ылайым татулығы жарасқан  ел болғанын көру менің ең бірінші арманым.Ал,өзіндік арманым жан-жақты қарымы мол,сөз зергері болып,тек қана жақсы жаңалықтардың жаршысы болу. Достар, арман көкжиегіндегі арғымақтарыңыз тоқтап қалмасын!