Арман болып
Мұз болғаны, сезімім қалған тоңып
Шыққаны ма сөздерің жалған болып?
Мен де өтермін жан-жаққа жалтақтаумен
Көру үшін көшеңе барған болып.
Жүр екенмін қолыңа жалған қонып,
Гүл екенмін бір кезде қалған солып
Арман болдың сен маған, дәл өзіңдей
Мен де өтермін өзгеге арман болып!
Эльмира МАТИБАЕВА