Арман болған көліктер

“The Retromobile vintage” ескі көліктер көрмесінде 500 ге жуық ескі маркадағы көліктер таныстырылды. Париждағы әйгілі Porte de Versailles павильондарында ұйымдастырылған көрмеге келушілер  1937 жылы шығарылған Cord Beverly Sedan SC көлігін тамашалау мүмкіндігіне ие болды. 

Париждегі дәстүрлі ретро көліктер шоуында Citroen C5 те болды.

1932 жылғы Bugatti Royale Le Roadster де Retromobile Car Show 2015 те көрмеге қойылды.

1956 жылға тиісті болған Mercedes Benz 300 SL Coupe Gullwing маркалы аты аңызға айналған көлікте  Porte de Versailles көрме залына келушілер назарында болды.  

Delahaye 135-M кабриолеті Faget-Varnet көрмесі барысында ұйымдастырылған аукцион саудасынан алдын  келушілер назарына ұсынылды. Классик көліктер  “шахзадасы” 50 жыл бойы фермада шаң басып жатқан екен.

Алғашқы салтанатты ұзын көліктердің бірі — 1933 жылы шығарылған Bugatti Royale La Limousine.

Bugatti Veyro ның жаңа версиясы — заманауи және ескі көліктер көрінісінің ұйғындығы.  

Peugeot Roadster 401 D алғаш рет 1935 жылы жасап шығарылған. 80 жастағы бұл көлікте Париждегі ретромобилдер көрмесінен орын алды.

“Калифорния өрмекшісі” лақабын алған Ferrari 250 GT SWB. Ол бір кездері француз актёры Ален Делонға тиісті болған. 2015 жылғы ретромобиль көліктер көрмесіндегі аукцион саудасында бұл көлік  10 миллион евродан астам бағаға сатылуы мүмкін деген болжамдар бар.

Voisin Type C7 Travel Berline of Louis Galle маркалы бұл көлік әлемдегі ең ерекше көрменің аукционында көрермен назарына ұсынылды.  

Халық көп тамашалаған көлік Jaguar KK55 болды.

Facel Vega Excellence көлігіде бірнеше жылдан бері фермада қараусыз тұрған екен. Көрменің аукцион саудасында бұл көлікте сауданың лотына айналды. 

Көлік фанаттарының көрмедегі  “ежелгі” экспонаты Talbot Lago T26 Grand Sport SWB Saoutchik болды. Олда  аукционға қойылған екен. Мамандар ол көлікке 400 мың және 600 мың евро аралығындағы бағаны белгілепті.

Maserati A6G 2000 Gran Sport Berlinetta Frua! Көлік атауы дәл осылай. Аукцион ұйымдастырушылары оған қойылатын бағада ұзын терілген нольдерден құралуын айтуда. Осы көлік үшін сіз қанша баға ұсынар едіңіз? Алдағы сауда бағасы — 1 миллион 200 мың евро.



Бөлісу: