Арман бақшасы
блог
Қызық... Менің бойымды бір тылсым күш жеңіп алғандай. Нендей күш болды екен? Жоқ. Жоқ, бұл күш емес, жағымды сезім ғой. Бірақ, қандай сезім? Бұл сезімді бұрыын соңды сезініп көрмеппін. Неткен тәтті еді. Алемді өлеңге айналдырады ма, сірә?! Иа, иа! Бәрі бүгін мейірімді. Адам да, Табиғат та. Әшейінде, мұңлы көңіл-күй сыйлайтын табиғаттың жүзіне бүгін рең кіріп қалыпты. Әлде мен бұрын елемейтін бе едім? Жоқ, мен сұлулықты қалт жіберіп қоймаймын. Бұл жерде бір гәп бар. Мүмкін, барлығын ерекше көрсетіп тұрған менің бойымдағы белгісіз сезімім бе екен?
Шіркін-ай, Бала-бақшамның терезесінен мына өмір қандай әдемі көрінеді?! Табиғат пен аспанның ортасына байланыс орнағандай, сірә. Мүмкін, тәрбиеші апайымыз терезені жарқыратып тазалап қойған шығар? Қызық. Апайымыз бұл терезені күнде тазалап қояр еді.Ал , Мен осы уақытқа дейін бұл ерекше табиғатты көрмегенмін. О, адамдар! Өмірдің сұлулығын көргілерің келсе, келіңдер! Менің бала бақшамның терезесінен қараңдар! Бірақ, неге басқа балалар бұл сұлулықты сезінбейді? Неге менімен бірге тамашаламайды? Әлде олар көрмей тұр ма екен? Терезе бәріне көрініп тұр. Демек, терезеде тұрған сиқыр жоқ. Тылсым сырдың бәрі менің көзімде-ау шамасы?! Менің көзімді түнде ұйықтап жатқанда, періште келіп ауыстырып кетті ма екен? Иә, солай шығар. Не де болса, Рахмет саған, періште!
Сонымен, бойымды билеп үлгерген сезімнің сыры неде? Таң ертен әкем алып келіп тастағандағы пайда болған бұл тылсым дүниені әлі ұқпадым. Мен оны зерттеуім керек!
Мендегі хәлді тағы кім кешіп отыр екен? Тобымдағы Қарлығаш па? Жоқ, ондағы хәл – сағыныштың сыйлағаны. Оның ата-анасы жоқ.Көлік апатынан қайтыс болған. Әжесінің қолында. Оның бойында сағыныш сезімі бар. Менің бойымдағы ше? Сағынышпа екен? Мүмкін...
Жеңіс пе? Қайдам?! Биз екеумиз бір дүниені екі түрлі көреміз. Үнемі келіп “Нұрлан сен ақымақсың”, “Сен ештене білмейсің”, “Сен соны да білмейсің ба?” деген сөздермен мені балағаттап жүреді. Ал мен өзімді олай ойламаймын. Дегенмен, кім біледі? Жеңісте де менікінен де өткен мықты сезім бар шығар?!
Заңғар да қызығушылық сезімі басым. Жағдайы төмен отбасынан шыққан. Үнемі Мақсатқа қызығушылықпен қарап жүреді. Ал, Мақсат бізде қалталы жанұяның баласы.
Жоқ! Менің хәлімді ешкім сүріп жүрген жоқ секілді. Бірақ, бәрінде бір сезім бар. Тобымдағы әр бала әртүрлі әлем. Әлем ішіндегі әлемдер. О,Құдайым, Осының бәрін жаратқан неткен шебер едің . Маған осындай әлем, осындай белгісіз сезім сыйладың. Бірақ қандай? Бұл бір күндік пе, мәнгілік пе? Шешімін табуға көмектесші.
Тарбиешіміз бізге ұйықтайтын уақыт болғанын ескертті. Бірақ ойымнан арылғаным жоқ. Орныма жатып жалғастырамын деп шештім.
Кешкісін мені алып кетуге анам келіпті. Қуанғанымды-ай. Анамды бір жыл көрмегендей жүгіріп барып мойнына ілесе қалдым. Анамды құшып тұрып жұмақтың иісін сездім. Құшағының жылулығын айтсаңшы?! Анамның маған деген мейірім алауы күнді өртеймін деп тұр. Топтағы балалар бота көздерін жәутеңдетіп “Меніңде анам тезірек келсе екен”, бір-екеуі “меніңде анам болса ғой” деп маған қызыға, қызғана қарап отыр. Ал мен, олар қараған сайын мақтанып, анамның екі бетін кезекпен сүйіп жатырмын. Кейін, бүгінгі арыла алмаған сезімім жайлы айтып бердім. Оның жауабын сұрап анамның жүзіне жалтақтап қарайлап қоймадым. Бірде анамның жүзін аздап мұң басты да “Мен кейін келемін” деп есіктен шығып кетті. Ешкене түсінбедім. АНам қайда кетті? Хәлімді әшкерелейтін жүгіртек жаста көзіме келді. Бірақ жылаған жоқпын.Жігіт емеспін бе? Анам қазір келуі тиіс деп куттім. Кенет “Балалар тұрыңдар” деген тарбиешінің даусы естілді. Анамды күткен күйі ояндым. Түс екен. Сол кезден бастап таңдағы тылсым сезімім күшейе бастады. Кешті батыра алмай әлекпін. Анамды сағынып барам. Анам ертерек келсе екен – деп кештің келуіне ынтызармын. Қашан кеш батады? Бүгін кім мені алып кетеді деп ойланып, қызығып, құдды бір ертен бала бақшаға қайтып келмейтіндей үйге қайтуға асығу Балалардың әдеті емес пе? Менде де сол күй. Қырсық уақыттың өтпей қалғанын-ай. Уақыт деген судай ағады деуші еді. Қазіргі сағаттың тілі тамшыдай тамып жатқан сияқты. Бірақ менің әлемімдегі ғана сағат .Ал, шын өмірдегі уақыт расымен зымырайды. Тіпті судың өзі уақытқа ілесе алмай бара жатқан сияқты.
Осылай уақытты әртүрлі талдап отырып кешті де батырдым. Балаларды үйіндегілер келіп біреу біреу алып кетуде. Қалған балалардың көзі есікте. Бала-бақшадағы әр баланың күні осылай өтеді. Бала-бақшаға балалар ойнауға емес, таңда келіп кешке үйге қайтуға асығу үшін келеді. Әне, Қарлығашты да әжесі алып кетті. Ал менің қазір анам келеді. Тезірек келсе екен. Жаңа түсімде неге кетіп қалғанын сұрар едім. Бойымдағы сезімімнің қандай сезім екенін біліп алар едім. Заңғарды анасы лаып кетіге келді. Бірақ ол кісі ашулы сияқты. Келе сала Заңғардың еркелігін көөтере алмай айғайлап ұрсып жатыр. “Заңғардың анасы! Заңғарға ұрыспаңызшы. Ол сізді келгенше қалай зарығып күкенін, қалай сағынғанын, білмейсізғой. Ол сізді қатты жақсы көреді. Тек ұрыспаңызшы” –дегім-ақ келіп тұр. Бірақ қорықтым. Іштей менің анам келіп қазір мені еркелейді, құшақтайды, ұрыспайды деп есікке телміріп отыра бердім.
Мақсат келіп доппен ойнауды ұсынды. Зауқым жоқ. Ана мейірімін күтіп отқан балаға доптын қажеті қанша? Ойланып көрсем, бүгін еш ойыншық пен ойнамаппын. Күнім ой үстінде өтіпті.
Бірде, тарбиеші апайым “Нұрлан саған келді” – деді. Мен күткен сәт жетті. Анамды көрем. “Алақай, Анашым!” – деп есікке қарай жүгірдім. Көкейімде анама деген сұрақтар толып жатыр. Қазір барып қатты құшақтаймын, Бетінен сүйесін, кейін мына-мына сұрақтарды қоямын деп жоспар құрып қойғанмын.Есіктен шықсам әкем келіп тұр екен. Куанышым су сепкендей басыла қалды. Әкемнің жанарына “Анам қайда?” – деп сұрақ қойдым. Бірақ, жанарына қарағаннан кейін есіме бірдене түсті. Анамның қайтыс болғанына 1 жыл болған екенғой. Көнілім түсіп кетті. Сонда қалай? Жанағы сағыныштарым қайда? Анамды күкен уақыттағы хәлім қайда? Мен оны не үшін күттім? Әлде арман ба? Арман... Иа, иа! Арман! Мен анамды армандаған екенмінғой. Арманда да өмір бар екен. Мен сол жерде өмір сүріппін. Өкінішті оқиғамен болса да мен таптым. Менің таңнан бері табалмай жүрген сезімімнің аты арман екен. Расыменде бала бақшада әр түрлі бала, әртүрлі сезім бар дедік. Солардың бәрі арманға келіп тірелмейме? Армандау арқылы әлем жаратылмайды ма? Ал мен өз әлемімде анамды қайта тірілттім. Анамның келуін армандадым. Сол арманмен кешке дейін өмір сүрдім. Тіпті, анамның өмірден өткенін есімнен шығарып жіберіппін. Иә. Мен есейіп келемін. Менде тағы бір сезім пайда болғанын білдім. Шешімін тапқаныма аздап көңілім көтерілді. Бірақ жүрегімнің бір түбінде анамды күтіп тұрмын. Үміт жойылар емес. Үміт? Олда арманға жақындау сезім. Мен бір күнде біраз дүние үйрендім. Арманның тәтті сезім екенін де байқадым. Бала бақшадағылар бәрі де пәк, мөлдір арманшылдар екенін білдім.Иә! Бұл бала бақшасы емес. Бұл – арман бақшасы...!
(сабидің монологы)