Арман адастырмайтын арғымақ....
блог
Арман адастырмайтын арғымақ қой... Сол арманның жетегінде менде жүйткіп келемін. Қым-қуыт тірлік. Бәрі орынша. Өзгермейтін бір жол... Тееек мына көңіл күйдің болмай жүргені рас... Көңілім пәс. Жүрек сыздайды. Жалғызсырап, жабығып... Өзіңді түсінбейтін ортада жүру неткен қиын еді... Тек бір сөнбес үмітім бар, сол үміттің жетегінде қиялымды кезіп кете барам... Жанымдағылар "жерге түс,қиялдана бермей,осы қазіргі шағыңды мойында" дейді. Бар арманым өзіме ұнайтын оқуды оқып, өзім қалайтын мамандық иесі атануым, өзімді түсінетін ортада өмір сүру... "Аллаға сенім артып, бәрі жақсы боларына сену керек" десе де, түні бойы түрлі-түрлі ойлар маза бермейді... Ойды ой қуып... Ойдан ой туып... Ұйқы да қашады... Бірақ бәрібір арман жолында армай-талмай еңбектенемін!Үміттеменмін! Бәрі жақсы боларына сенемін!
Асу-асу белдерден
Тасқыны асау көлдерден.
Аман-есен өтермін,
Жаратқаным жар болса
Арманыма жетермін!