Осыдан дәл 1 жыл бұрын, мектепте, арманның асқары алыыыыыс көрінетін. Әрі уайымға салған ҰБТ-дан қалай өтемін деген қорқыныш басым болатын. Әр сынама тест сайын жаңа сезім бой алатын. Бірде жақсы жинасам, бірде азырақ алып қалатын кездерім болды. Ойдағыдай алған кезде ҚазҰУ-де журфакта оқып жүрмін деп қиялдаушы ем. Әйтеуір, Алла жазып, арманым орындалды. Және тек бір арман ғана емес. "Алтын белгі" иегері атандым, грантқа түстім, студент атандым. Енді міне, жатақхананың тұрғыны боп жатырмын. Студенттік өмір жақсы екен. Ақша санайсың, үнемдейсің... Бұрын осылай атйқанда таң қалушы ем. Менін басымда мұндай жағдай бола қоймас деуші ем. Сөйтсем, студенттік ғұмыр деген осы екен. Сабақ та басталып кетті. Эдвайзеріміз әрі тележурналистикадан беретін Жидегүл апайымыз тапсырма беріп те үлгерді. Фото-тілші болуды үйреніп жатырмыз)) қас-қағым сәтті бейнелеу, тірі табиғаттың көрінісі, кадрдағы журналист секілді тақырыптар берген еді. Дүйсенбіде сабағы бар, ал менің отырысым мынау. идея да, кәсіби фотоаппарат та жоқ. Ой үстінде отырмын. егер жаңа идея болса, бөлісе отырыңыздаршы)