"Сөз анасы - сәлем" дер дана халқым ,
Өмір бойы сыйлап өткен ата салтын.
Сәлем бердім баршаңа , оқырмандар,
Деніңіз сау , жүзіңіз болсын жарқын! - дей отырып сіздерге өзімді таныстырғым келіп отыр. Дүние есігін 2001 жылы сәуір айының 27-ші жұлдызында ашыппын. Шыр етіп дүниеге келген сәтімде әкем есімімді азан шақырып Бақытнұр деп қойған екен. Содан бері Нұрболатқызы Бақытнұр деп әкемнің атын көпшілікке әйгілеп жүрмін.
Биыл 10 сыныпты бітіріп 11 сыныпқа аяқ басып барамын. Ата-анамның алғаш болып бәйгеге қосқалы отырған , үкілеген үміттерін арқалаған үй тұңғышы мен екенмін. Ес білген шағымнан кешегі бабалар салтын ұстанып , ұлттық сананы қалыптастырып анам маған тәрбие беріп келе жатыр. Сол өнегені бойыма дарытып , көпшілікке тек қана жақсы қырымнан танылуға талпыныс жасап жүрмін.
Көркемсөзге жаным құмар , кітап десе ішкен асын жерге қоятын жанның бірі мына менмін. Бос уақытымда тағамның түрін жасап жақындарымды қуантқанды жақсы көремін. Әжеме тартқандығымнан ба іс тігіп , қолөнермен айналысқанды жаным сүйеді. Жаныма жайлылық сыйлайтын классика жанрын тыңдаймын.
Өмірлік ұстанымыма себепші болған , өзім үлгі тұтатын адам америкалық жазушы - Чарльз Диккенс. Әлем әдебиетінің классигі Чарльз Диккенстің шығармалары шабытыма шабыт қосып , шығармашылық рух сыйлайды. Оның "Еңбексүйгіштік- бар істің негізі мен жақсы өмірдің кепілі" - деген сөзі әрекет істеуге деген құлшынысымды оятады.
Асқақ арманым мен мен мұндалаған мақсатыма жету жолындағы бір қадамым осы байқау болмақ. Тілегі мен ниеті бір жобаның басқа да қатысушыларына , жетекшілеріне табыс тілей отырып жеңіске бірге ұмтылсақ деймін. Осы жоба барысында әркім өзіне керектісін алып , мұратына жетіп жатса керемет қой шіркін !