Арман
блог
Сәлеметсіздерме, мен өзімінің "Арман" деп аталатын әңгімемді ұсынбақшымын. Бірақ кішкене қателіктері бар, енді 6-сыныпта жазғанмынғой) Ал оқып баға беріңіздер)
Арман
Таңертең ерте оянған Назым таңғы асқа келіп, ұзақ отырып қалады да, терең ойға шомып кетеді. Бір кезде «Қызым, саған не болды?» деген құлаққа жағымды естілген анасының сөзі естілді.
-Назым, бір жерің ауырып тұрған жоқпа? Саған не болған өзі?
-А-а жай, ештеңе болған жоқ. ҰБТ-ны ойлап қобалжығаным ғой. Мектепті бітіргелі тұрмын. Бір жағынан қуансам, жылаймын, жыласам қуанамын. Соған түсінбей жүрмін,-деді Назым анасына күлімсіреп.
-Иә, қызым дұрыс айтасың. Мектепті қимай отырсын ғой. Мен сені түсінемін. Біз мектепті бітіргенде, сыныптастарымызды, ұстаздарымызды қимай жылағанбыз. Кейін сенде 11 жыл өткен сыныптастарыңмен бірге өткізген қызыққа толы, қуанышты күндеріңді аңсайсың. Сендер мектептен түлеп ұшқалы тұрсыңдар. Өмір деген бір орында тұрмайды. Алға ұмтылып, жан-жаққа жетілуің керек,-деді анасы.
-Апа, менің емтиханға кетуім керек. Кешігіп барсам кіргізбейді. Кейін әңгімелесе жатармыз, жарайма?,-деді Назым асығып.
-Жарайды, Назым. Қорықпа бәрі жақсы болады. Ең бастысы өзіңе сенсең болды,-деді анасы.
-Жарайды апа,-деп Назым сыртқа шығып кетеді.
Бүгін ҰБТ. Назым үшін ең қорқынышты, ең шешуші сәт. Ол қатты қобалжығандықтан, аяғы дірілдеп, жүрегі қатты соғып барады. Сонда да бар күшін жинап, өзіне нық сеніп, терезе жанындағы партаға жайғасып отырды.
Назым барлық тестті тапырып, жаны жай тапқандай болды. Ол ҰБТ-дан 110 балл жинады. Әрине жоғары баллдардың бірі. Мұны естігенде Назымның қуанышы қойнына сыймай кетті.
Бір күні Назым үй ішімен әңгімелесіп отырып көңілін бірлеп алады.
-Қызым, жарайсың жоғары балл жинадың. Енді қандай оқуға түскің келеді?-деп сұрады әкесі.
-Мен өздеріңіз білетіндей бала кезімнен бері дәрігер болуды армандап келемін. Сондықтан Алматыдағы С.Асфендияров атындағы университетке түспекшімін,-деді Назым.
-Иә қызым. Науқас жандарға көмектесіп, ақ халатты абзал жан болғанын қандай жақсы,-деді әкесі жымиып.
-Ал мен ұстаз болғым келеді,-деді Назымның сіңілісі Балқадиша.
-О біздің Балқадиша қызымыз оқушыларға білім сыйлап, ұстаз болады екен ғой. Айналайын! Ең бастысы өздерің ұнатқан оқуларына түсіп, жақсы маман иесі болсаңдар, өз нандарыңды табасыңдар. Оқыған адам өмірде ешқашан қалмайды, ал оқымаған адам сол орында қалады,-деді әкесі. Үй іші басқа да әңгімелерді айтып, әңгіме-дүкен құрады.
Арадан бірнеше күндер өткен соң Назым әкесімен бірге Алматыға кетеді.Онда С. Асфендияров атындағы университетке барып, құжаттарын тапсырады. Назым кардиология бөліміне түсті. Бұл өзінің қалауы болатын. Әрине қазір жүрек ауруымен ауыратын науқастар аз емесқой. Олар униврситеттен шыққан соң, жанындағы бір квартираға барып орналасты. Сәлден соң олар коштасарда:
-Ал қызым, саған сәттілік. Сабағыңды жақсы оқы. Оқудан қиналып,ешқашан менің алдыма «болды оқымаймын»-деп қайтып келуші болма. Қанша қиналсаңда сабыр ет балам. Өйткені адам қиындықпен жеңіске, өз мақсатына жетеді,-деді әкесі.
-Жарайды, әке. Сіздің сөзіңізді жерге қалдырмаймын. Қолымнан келгенше жүректің сырын үйреніп аламын. Сізге уәде берем, әке. Кардиолог болғанда, егер сіз ауырсаңыз, сізді емдейтін боламын. Ал сау болыңыз әке,-деді Назым көзіне жас алып.
-Иә аман бол, қызым. Сау бол,-деді әкесі автобусқа мініп.
Назым квартираға келіп, өзін бірнеше күн бойы жайсыз сезінді. Өйткені ол туған жерін сағынып, әлі бұл үйге үйренісе алмай жүр. Назымың жанында екі-үш қыз бар. Бірақ олар басқа университетте оқиды.
Бір күні Назым оқуына бара жатқанда бір қыз:
-Кешіріңіз, осы маңайда жалдап тұратын үйлер барма?
-Иә, әрине бар. Қаласаң менімен бірге тұр. Менде үй жалдап тұрамын. Жанымда екі-үш қыз бар,-деді Назым.
-Әрине егер рұқсат етсең жақсы болар еді. Алдын бір үй жалдап тұр едім, бірақ оны үй иесі сататын болды,-деді әлгі қыз.
-Иә, енді неге рұқсат етпеске. Сен осы жерде оқисыңба, жақсы болды ғой. Біздің үйдегі қыздардың барлығы басқа жақта оқиды. Сен қай бөлімде оқисың?-деп сұрады Назым.
-Мен дәрігер-педиатр бөлімінде оқимын. Сен ше?
-Кардиология бөлімінде оқимын. А-а айтпақшы танысуды ұмытып кетіппіз ғой, есімің кім, қайдансың дегендей,-деді Назым күліп.
-Иә, менің атым Мөлдір. Жетісудан келдім,-деді әлгі қыз.
-Ал менің есімім Назым. Ұзынағаштанмын. Жүр, үйге барып қыздармен танысасың,-деді Назым. Екеуі үйге барып, қыздармен танысады.
Сөйтіп арадан бірнеше күндер өткенде, Назым бұл үйге тез үйренісіп кетеді. Назым мен Мөлдір жақсы оқып, медицинна жайлы көп нәрсе үйренді. Жылдар да озып, олар университті бітіреді. Арада бірнеше қызық күндер, қиын күндер де өтті. Сөйтіп студенттік дәуір де аяқталды. Назым үшін уақыт тез өткендей болды. Кеше ғана мектепті бітірген сияқты.
-Бірде Назым мен Мөлдір екеуі қоштасарда:
-Ал, сау бол. Екеуміз жиі хабарласып тұрайық, жарайма,-деді Мөлдір.
-Жарайды. Ауылыңа барып, жұмысқа жақсы орналасып, мықты дәрігер бол,-деді Назым.
-Иә, сенде жақсы орналасып ал. Сау бол Назым,-деді Мөлдір. Екеуі бір-бірін қимай, қошасып ауылдарына кетеді. Назым ауылы Ұзынағашқа барып, ата-анасымен көрісіп, қуана-қуана әңгімелеседі. Сөйтіп Назым сол жердегі ауруханада кардиолог болып орналасады.
Бір күні Назым ауруханада өз бөлмесінде отыр еді. Бір мезетте есіктің жай ашылған дауысы естілді. Сөйтсе бөлмеге кіріп келген ұзын бойлы, қол-сирағы ұзын, бет-әлпеті келіскен, келбетті жігіт екен.
-Сәлеметсізбе, дәрігер ханым. Мен жүрек ауруымен бірнеше айдан бері ауырып жүрмін. Қанша дәрігерлерге бардым, бірақ уақытша ем болды. Өтінем мені жүрегіме дауа табыңызшы.Сіз мені емдесеңіз, мен сізге не сұрасаңызда беремін. Қолымда ақшам, дүние-мүлкім бәрі бар. Тіпті көлігімді беруге де дайынмын,-деді әлгі жігіт.
-Неге тұрып қалдыңыз, отырыңыз. Алдымен жүрегіңіз қалай ауырады, қандай кемшілігі бар екенін білуіміз керек қой,-деді Назым. Жігіт Назымның даусын естігенде, елжіреп сала берді. Даусы керемет дәрігер екен,-деді ол ішінен.
-Кешіріңіз, аты-жөніңізді атып жіберіңізші,-деді Назым.
-Рахманов Азамат.
-Алдымен сіз ЭКГ-дан өтуіңіз керек. Кейін нәтижесін көріп дәрілер жазып беремін я болмаса ауруханаға жатуыңыз мүмкін,-деді Назым. Назымның әр сөйлеген сөзі Азаматтың жүрегіне жылы бір әсер еткендей, Азамат көңілдене шыға келеді. «Неткен ақылды, ибалы, мәдениетті қыз екенсіз»-деген сөзді айта алмады. Назымның шексіз сұлулығына, мөлдіреген толық көздеріне, қою қиылған қара қасына, аппақ дөңгелек жүзіне қызыға қарайды. Оның әрбір қозғалған қимылынан, жазған әрбір сөздерінен, сөйлеген әдемі сөздерінен әсемдік пен ептілік және нәзіктік те байқалады. Бұл бейнелер Азаматтың жүрегін езіп жібергендей, одан сайын елжіретіп жібереді.
-Ал мен сізге немді берейін. Көлігімді ме әлде үйімді ме?-деді Азамат.
-Кешіресіз мен сізді түсінбей тұрмын. Сіз мұнда емделу үшін келдіңіз бе я пара беру үшін бе? Маған сіздің ешқандай байлығыңыз керек емес. Сіздің маған уақытында дем алуыңыз, дұрыс тамақтануыңыз, спортпен айналысуыңыз, ештеңені уайымдамай, күйзелмеуіңіз керек. Өйткені күйзеліс жүрекке күш түсіреді. Және әрдайым қозғалыста болуыңыз шарт. Бір орында отырып қалмауыңыз керек. Қозғалыс-жүректің ең жақсы досы екенін ұмытпаңыз. Болды басқа ештеңеңіз керек емес. Біздің мақсатымыз науқастарды емдеу, адамдардан пара алу емес. Сіздің бұл айтып тұрғаныңыз дұрыс емес,-деді Назым ренжіп.
-Кешіріңіз сіз айтқан тапсырмаларыңызды орындаймын. Жаңағы айтқан сөздерім үшін кешірім сұраймын,-деді Азамат.
-Ең бастысы сіз өз денсаулығыңызды ойлауыңыз керек. Мына қағазды алыңыз. Ертең ЭКГ-ға түсесіз, жарайма,-деді Назым.
-Жарайды, сау болыңыз,-деді Азамат.
-Сау болыңыз, ертен кешікпеңіз,-деді Назым.
-Ертесіне Азамат ауруханаға келіп, ЭКГ-дан өтті. Содан Назымның бөлмесіне кіреді. Оны көруге асығып, өз сезімін білдіргісі келді.
-Сәлеметсізбе, кіруге рұқсат па?-деді Азамат.
-Сәлеметмізбе, иә кіре беріңіз. Жағдайыңыз қалай?-деді Назым.
-Жаман емес. Сіз ше, жұмыстар жақсы жүріп жатыр ма?-деп сұрады Азамат.
-Аллаға шүкір бәрі жақсы. Иә жұмыс қызу жүріп жатыр. Сіз қай салада жұмыс істейсіз,-деді Назым.
-Бизнес саласында жұмыс істеймін. Сіз Алматыда оқыдыңызба?-деді Азамат.
-Иә, сіз ше?-деді Назым.
-Түркияда оқығанмын. Ол жерде екі ағам бар. Сол жерге кейде барып тұрамын,-деді Азамат.
-А-а солай ма. Неге қазір Ұзынағашта жүрсіз?-деді Назым.
-Мұнда әпкем тұрады. Негізі мен Алматыданмын. Сіз осында тұрасызба?-деді Азамат.
-Иә, осы жердің тумасымын ғой. Ой әңгімеміз созылып кетіпті ғой. Ал ЭКГ-дан өттіңіз бе? Нәтижесін көрсетіңізші,-деді Назым.
-Иә, өттім. Міне нәтижесі,-деп Азамат қағазды ұсынды. Назым қағазды тексеріп, ұзақ қарап отырды. Сәлден соң Назым:
-Нәтижесі жаман емес.Бірақ жүрегіңіз жай соғады екен. Егер ауруханаға жатсаңыз жазылып кетесіз деп ойлаймын. Ал бұған не дейсіз?-деді Назым.
-Егер жатып емдел десеңіз, мейлі. Сіздің айтқаныңызды орындауым керек емеспе?
-Иә, дұрыс айтасыз. Әрі ауруханаға жатып емделесіз. Мен сізге жағдайыңызды білу үшін жиі барып тұрамын.
-Жарайды, көп рахмет,-деді Азамат күлімсіреп. Азамат Назыммен әр сөйлескенде жадырап, дүниенің бәрін ұмытып кеткендей болады. Ол бұрын мұндай сұлу қызды кездестірмеген еді. Бүгінгі күн Азамат үшін ерекше күн болды.
-Ертесіне Азамат ауруханаға жататын болды. Назым оны әрдайым көру үшін халін білуге барып тұрады. Азамат әлі оған өз сезімін жеткізе алар емес. Шың ғашықтық мүмкін осы болар.
Бір айдан соң Азамат ауруханадан емделіп шығады. Бірақ ауруы әлі қайтқан жоқ. Сондықтан Назым оның жағдайын біліп тұрады.
Күндердің күнінде Назым ауруханаға келе жатқанда, бір жайсыз хабарды сезіп, жүгіріп келеді. Не болғанын естісе, Азамат талып қалыпты. Бұны естіген Назымның үстіне ауыр жүк түскендей болды. Өйткені ол Азаматтың дәрігері және ол әлі жазылған жоқ еді. Сөйтсе оның қан қысымы қатты көтеріліп кетіпті. Арадан бірнеше сағаттар өткен соң Азаматтың қан қысымы түсіп, есін жияды. Әбден қорыққан Назым қуанып Азаматтың бөлмесіне кіреді.
-Кешір, мен сені жақсы емдей алмадым. Жазып берген дәрілерімнің еш пайдасы тимей отыр,-деп Назым жылап жіберді.
-Жоқ жыламаңыз. Онда тұрған ештеңе жоқ. Менің жай ғана қан қысымым көтерілді ғой.
-Жоқ бәрібір жүрегіңіз ауырадығой. Әлі жазылмадыңыз. Онда сізге басқа да жақсы дәрілер жазып берейін. Бағасы қымбат болғанына қарамастан, пайдасы өте көп,-деді Назым.
-Ол жағын уайымдамаңыз. Ең бастысы денсаулыққой, ақшада емес,-деді Азамат.
-Иә, өте дұрыс. Кейін өсімдіктерден жасалған шайдың жүректе үлкен маңызды рөл атқаратынын естен шығармаңыз. Негізі дәріге қарағанда осындай емдік шөптер өте пайдалы. Ал, сіз қазір демалуыңыз керек. Ертең менің бөлмеме келіңіз. Дәрілердің аттарын жазып беремін,-деп Назым шығып кетеді.
Азаматтың Назымға деген ғашықтық сезімі күн сайын арта түсуде. Оның әрбір жадыраған жүзін көргенде ерекше сезімге бөленіп, елжірей түсуі, ал мұңайған жүзін көргенде көңілі түсіп, мазасызданатыны сөзсіз. Жалпы Назымды әр көргенде әр түрлі сезімде болады да, оны бір көрмесе айнала қара түнек сияқты көрінеді.
-Бір күні Назым түскі асқа отырғанда әкесі:
-Назым-ау, қызым. Мектепті бітірдің, университетті де бітірдің, жұмысқа орналасып дәрігер де болдың. Енді отбасын құрып, бала тәрбиелейтін уақытында жетіп келді. Қашан тұрмысқа шығасың,-деді.
- Білмеймін әлі,-деп Назым сасып қалды.
-Бүйтіп жүре берсең уақыт өтіп кетеді. Кәрі қыз болып, өмір бойы өкініп жүресің,-деді анасы.
-Ол туралы кейін ойлансақ қайтеді, апа. Менің әлі атқаратын жұмыстарым көп,-деді Назым.
-Жарайды, қызым. Әтпесе тезірек өзіміз тапқан жігітке тұрмысқа шығасың,-деді апасы ренжіп.
Арадын бірнеше күндер өткен соң Азамат көзді ашып жұмғанша жүрек ауруынан сауығып кетеді. Азамат үшін бүгінгі күн ерекше еді. Назым мұны естіген кезде қуанып кетті. Ол осындай кәсіпті таңдағанына өте риза. Кім білсін, егер ол басқа мамандықты таңдағанда Азаматты көрер ме еді?
Азамат Нзыммен кездесуге барғанда:
-Назым, саған мың да бір рахмет. Егер сен болмағанда, мен қайтер едім. Сен менің жүрегіме ем сыйладың. Енді мен сенің жүрегіңе өзімінің саған деген ғашықтық сезімімді ұялатамын. Сені алғаш көргенде маған қатты ұнап қалдың. Менің жүрегімді саған деген сезімім емдеді. Саған ғашық болғаным үшін жазылдым.
Назым бұл сөздерді естігенде, не дерін білмей ымдап қоя берді.
Азамат жазылған соң өзінің туған жері Алматыға кетеді. Оның кеткеніне Назымның көңілі түскендей болды. Азаматты әрдайым ойлап, ауырып қалмадыма деп уайымдап, тыныш жүре алмады. Енді Назым Азаматтың дәрігер емес пе?
Бір күні Назымның анасы:
-Қызым, өткенде біз айтып едік қой. Қашан тұрмысқа шығасың деп. Өзіңнің жігітің жоқ па?
-Иә бар. Басында мен оның дәрігері болғанмын. Жүрегі ауыратын еді. Оны емдеп, жақында жазылып кетті. Есімі Азамат.
-Ой бәрекелді! Қызымыз науқасқа ем сыйлапты ғой. Біздің Назым нағыз ақ халатты абзал жан. Өз білімімен емдеді, өз тәжірибесімен,-деді әкесі қуана-қуана.
-Иә, дұрыс айтасың. Қай жерде тұрады екен?-деп сұрады апасы.
-Алматыда. Бизнеспен айналысады,-деді Назым.
-Онда оны үйімізге шақыр. Қашан келеді?
-Жақында келеді. Сол кезде шақырамын,-деді Назым.
Бірде Азамат келіп, Назым үйіне шақырады. Азамат Назымның ата-анасына сәлем беріп, өзін таныстырып болған соң:
-Мен Назымға ғашықпын. Ол менің жүрегіме ем сыйлады. Мені оған үйленуге рұқсат беріңіздерші,-деді Азамат. Назымның ата-анасы оларға үйленуге рұқсат береді.
Азамат Назымды ата-анасына таныстыру үшін Алматыға алып кетеді. Назым да оларға өте ұнады.
Көп ұзамай Азамат пен Назам бір жастыққа бас қосты. Той 19 шілде күні Алматыдағы бір мейрамханада өте қызықты өтті.
Таң. Тойдан кейін бәрінің жүздерінде қуаныш. Назым ата-енесіне мейірлене қарап, шай қайнатып жүр. Жалпы ол барлық келіндік қызметтерді атқарып, енесіне көмектеседі.
Азамат пен Назым үйленгендіріне өте қуанышты. Әрине Азаматпен үйлену Назымның арманы еді ғой. Ол арман да орындалды. Бірнеше күндер өткен соң Назым Алматыдағы бір ауруханаға дәрігер болып орналасады.
Арадан бір жыл өткен соң Назым шекесі торсықтай ұлды дүниеге әкеледі. Нәрестенің есімін Азамат «Дамир» деп қояды. Назым ауруханадан шыққан соң шілдехана басталды. Көп қонақтар келіп Назымның ата-анасы, сіңілісі де келеді. Қонақтар бөпенің қасынан шығар емес.
Айлар өтіп, Дамир сүйкімді болып, өсіп келеді. Түрі әкесіне ұқсаған. Сөйлеген сөздері, қылықтары сондай күлкілі.
Ұзынағаштағы Назымының ата-анасы жалғыз қалғандықтан Алматыға көшіп келеді.
Сөйтіп жылдарда өтіп Дамирдің жасы төртке келіп, балабақшаға бара бастады. Ол күннен күнге өзінің қылықтарын көрсетіп, мәз болып, ата-әжесін қуантады.
Бір күні Азамат жұмыстан шаршап келіп, мазасы қашып, ауырып қалады. Сөйтсе баяғы жүрек ауруы қайтадан күшейе бастады. Назым уайымдап, тезірек емдеуге көшті. Бірақ сонда да жазылар емес. Дегенмен шыдау керек емес пе?
Арадан бір жеті өтті. Азамат әлі ауырып жүр. Жүрек ауруы күннен-күнге күшеюде. Бұрыңғы жазылып кеткені бәрі уақытша екен. Мүмкін бұл бір Алланың сыны шығар, кім білсін?
Бір кезде Азамат көлікпен жұмыстан келе жатыр еді. Сол мезетте оның жүрегі қатты ауырып, көлікті тоқтата алмай, алдынан бір үлкен камазға соғылып, жол апатына ұшырады. Бұл кезде Назым жұмыста еді. Жедел жәрдем келіп, Азаматты жақын жердегі бір ауруханаға алып кетті. Бұны естіген Назым қорқып кетіп, ауруханаға жүгіріп кетті. Азаматтың ата-анасы, туыстары ауруханаға барып үлгерді. Назымның жұмыс орны мен ол аурухананың арасы өте алыс екен. Сондықтан Назым ауруханаға өте кеш барды. Ол барса Азамат әлдеқашан жан тапсырыпты. Ол қатты жарақат алып, бір жағынан жүрегі тоқтап, бір жағынан басы жарақаттанса, әрине бұның өлімге апаратыны сөзсіз.
Назым мұны естігенде өзін ұстай алмай:
«Азамат мені тастап кетті ғой»-деп ол енесінің құшағына кіріп ағыл-тегіл, еңіреп жылады. Суыққы тоңған адамдай дір-дір етіп қалтырап кете берді. Біраздан соң Назымның жылауға шамасы келмей, есінен танып қалады. Оны медбикелер басқа бөлмеге дәрі егуге алып кетті.
Ертесіне Азаматтың жерлеу рәсімі болатын болды. Ағайын-туыстардың барлығы қатысты. Өз құрметін жайына қойып, жерлеу рәсімін ұйымшылдықпен өткізді. Азаматтың өлімі Назымның қабырғасын қайыстырып жібергендей болды.
«Өлім қас қабақтың арасында» дегендей тас төбеден түскен мына сұм ажал Азаматты ойда жоқ жерде алды да кетті. Назым үйде отырғанда терезеден қараса Азамат көлікпен гүл әкеліп қалатындай, жаутаң –жаутаң алаңдап, екі көзінен жасы сорғалап, егіл-тегіл жылайды да отырады.
Кейде Назымға Азаматтың « Жаным сол, келдің бе»-деп күлімсіреп айтып тұрған бейнесі көрінеді. Және бір рет анықтап қараса, ештеңе көрінбейді де, өкпесі талып, бөлмесіне кіріп, тас бүркеніп жатады.
Арадан бірнеше жылдар өтті. Назым бұрыңғыдан жақсы болып, жұмысқа баратын болды. Бірақ кішкене жүрегі ауыратыны бар. Азамат Назымның алғашқы және соңғы махаббаты болып қала берді. Ата-енесі оған тұрмысқа шық деп еді, бірақ оған көнбеді. Дамир енді бірінші сыныпқа қадам басты. Ол әкесі туралы біледі, бірақ анасын жылатқысы келмей, көп сұрай бермейді.
Сәуірдің 22-сі Дамирдің туған күні. Оны Назым түрлі парктерге апарып, әр түрлі тәттілер алып берді. Назымда Азаматсыз үйрене бастады. Енді Назымның асқақ армандары Дамирдің денсаулығы мықты болуы, білімді болып, үлкен азамат болу.
Бірнеше жылдар өтіп Дамир 5 сыныпқа келді. Сабақты өте жақсы оқиды. Күнде мектептен келгенде, бес алғанын айтып, Назымды қуантады.
Арман! Арман деген асыл сөз тек адамның қиялынан туған бір сәттік ой немесе өткінші сезім ғана емес. Арман адамды алға жетелейді, қанаттандырады. Ол кімге де болсын күш қуат беріп, көңіл күйіне шалқар шабытта қосады. Сол арман жетегінде адамдар жанұя құрады. Шынындада арманның барлығы орындала бермейді екен. Назымның армандары көп еді ғой. Назымның бір ғана арманы орындалмады. Ол Азаматпен бірге ұзақ, мәңгі өмір сүру еді. Назым бақытсыз болса да, бақытты болып көрінді. Дамирді тәрбиелеп, ақ пен қараны айыруды, жақсы мен жаманды ажыратуды, үйретті. Ол ана орнында да, әке орнында да Ана болып жүрген жан.
Жылдар өтіп Дамир университеттің заң факультетіне оқуға түседі.
Мен армен деген сезімді енді ғана түсіндім. Көп армандаудың қажеті жоқ екен. Мен енді тыныш өмір сүріп, ұлымның бақытты болып, ол үйленген соң, келінімнің қолынан шай ішсем деймін. Басқа арманым жоқ,-дейді осы әңгіменің басты кейіпкері.