Мен қуалап ол жеткізбей арманым
Білмей қалам,кейде қайда қалғанын.
Қас қаққанша ақыл есті жинасам
Алыстайды,жазуы екен Алланың.
Аттың басын бұра берем арманға,
Армандарым мені ұмытып қалған ба?
Кішкентайдан бір ақ нәрсе қаладым
Ғайып болып ол да айналды арманға.
Жазғаны ма тағдырдың пешенеге
Бір үмітті жоғалттым кеше неге?
Арман қуып өтуге риза едім
Тәңірім өзің таңда десе егерде.
Ризығын әр пенде тереді де,
Арман ғана толтырады кемеріне.
Армандаудан ешқашан жалықпаймын
Армансыз бос күндердің керегі не?!
(Армандай білейік,достар!)