Арман

Арман
жеке
блог

Пендеде бітпес әз арман,

Болат деп ертең алдаған.

Үмітті байлап қанатқа,

Үзілгенді жалғаған.

Менде де бар сан арман,

Қуаттаған қанатты.

Жетем деген арманға,

Қою қажет талапты.

Еңбегің мол бейнетің,

Жеміс екен әрқашан.

Арман деген шың екен,

Тұратын сан сындардан.

Белесі мен асуы,

Қатал екен шынында,

Арманда бірақ қаймықпа,

Өмірдің мәнін ұғында.

 

Қуат алам қолға алсам қаламды,

Босатқандай түрлі ойдан санамды.

Таразыдан өлшеп бәрін көремін,

Сондықтан да жек көремін жаманды.

Адаспасам түрлі тағдыр сынынан,

Құламасам биік таудың шыңынан,

Жылы сөзі бойға жанды салғандай.

От алдында отырғандай жылынам,

Өлеңім-менің шын сырым,

Өлеңім-менің  ән-жырым.