АРМАН...
жеке
блог
блог
Алыстан қол бұлғайды асыл арман
Көңілдің қалауын еш жасыра алман.
Жетемін деп әйтеуір бір күндері
Мен пенде болашаққа жолды салған.
Арман-ау, арман бері қара маған,
Жете аламай талай адам жолда қалған.
Қаншама сәтсіздіктен өтсем дағы
Әйтеуір бір күндері жетем саған.
Арман-ау, арман мені ұмытпағың
Баурап мені бір өзіңе құрықтадың.
Үміттің оты сөніп кей кездері
Жүректің талай жидым сынықтарын.
Арман-ау, арман үңіл жанарыма,
Тағдырым мені әлсіз санады ма?
Сынағын аямады,тоқтатпады
Тек кейде сәл оң көзбен қарады да.
Арман-ау, арман саған жетем алда
Сенімім шаршамағың,мүлде талма.
Ақырын қадам басып келемін мен
Басымды тік көтеріп әр сәт алға.