Арман

Үй салып, тал өсіру арманы еді,
Жақсы жар болатұғын іздеп теңін.
Жеткілікті қаражат жинау еді,
Тұрмыстың тапшылығын бірақ жеңіп.

Қызықты, таныстары салған тамға,
Риза еді өзі де, алған жарға .
Жұмыс та,мәртебе де биік болды,
Не керек,бұдан артық, бір адамға.

Қазір ол ұмтылмайды ,арманы жоқ,
Уайым жоқ,көйлек көк,қарын да тоқ.
Арман деген ақша ма,айтыңдаршы?
Тұра ма,армандауға, дүние боқ!? 



Бөлісу: