Талғажау еткен үмітім нәзік сарқылды,
Қоштасу біздің осы болар-ау соңғы рет.
Жазаға сені қалаған жүрек тартылды.
Тағдырға жазған бойсыну қандай қорлық ед.
Біздер енді айналамыз тәтті елеске, сағымға,
Сені ұмытудың соңғы шегі болар тас қабір.
Сүремін өмір күліп мен, тек оңаша шағымда,
Жуып алып жанарымды сағынышты жасқа бір.
Сенде жаса шаттықпенен, өткіз ғажап уақытты,
Тағдырымыз екі айырық, о бастан ақ түртулі.
Бөліссең де басқалармен сәттеріңді бақытты,
Маған қалдыр көз жасыңды сүртуді.
Қасыңдамын
Жүрсін мейлі ауыр мұңдар меңдетіп,
Бір сен үшін бекітемін төзімді.
Тәтті ұйқыда жатқаныңда тербетіп,
Таңғы нұрмен оятамын өзіңді.
Қилы қиял арбаса да алдырман,
Мүсініңнен айырмаймын көзімді.
Сағынышпен жүргеніңде алдыңнан,
Шыға келіп қуантамын өзіңді.
Құс ұшырмай күзетемін басыңнан,
Арнап дәйім асыл іңкәр сөзімді.
Жабықтырмай, құлазысаң қасыңнан,
Табылам да жұбатамын өзіңді.
Түсінгенмен не пайда, зымыраған уақыт...
Жылаған емеспін,
Жылауға себеп болмаған.
Құлаған емеспін,
Суықта қалып тоңбағам.
Шырмалған емеспін,
Құрмаған ешкім тор маған.
Сыналған емеспін,
Қазған жоқ ешкім ор маған.
Үйткені мені қорғаған,
Қамқорым болып қолдаған,
Тірегім сенген жан әкем,
Жылуын берген жан әкем,
Жетпей тұрсың енді сен маған,
Пана бола алмай мүнша кең далам.
Адамдар сабылысқан қан көшедегі көрініс,
қазіргі кезде көп кезіктіретін болдық.
Тал - талданып байласқан,
Дудыраған ақ шашы.
Кір бұрышқа жайғасқан,
Алдында тиын ақшасы.
Сөніп тозған ажары,
Көздері мұңлы үмітсіз.
Өмірдің мына базары,
Қажытқан білем күдіксіз.
Жалт-жұлт еткен алтындай,
Бай манаптар, мырзалар.
Өтіп жатыр тартынбай,
Өміріне ризалар.
Қатыгездік торлап сананы,
Нас басқан қара заман бар.
Жетімек етіп баланы,
Қаңғыртқан ананы адамдар.
Карт әжеге езілген,
Жанымды бір мұң қажап тур.
Жүрек түгілі көзіңнен,
Қан ағызар азап бұл.
Ашқан алып аранын,
Аспанын торлап наласы.
Әп-әдемі қаланың,
Сұмдығын мына қарашы.....