Арқат

Арқат тауы Абай ауданының оңтүстік-шығысын алып жатыр. Сыбанның ең беделді адамының бірі Жарқынбайдың қарындасы Дінәсілді Берді баласы Әуезге алып берген.

Арқат тауының шығысында Арқат бекеті болған. Жүзден аса жыл бойында бұл өлкенің елi жан-жақпен осы Арқат бекеті арқылы байланыс жасап отырған. Арқат тауының шұрайлы, шаруаға онды өңіріне алыс аймақтардан да адамдар келiп қоныстанған. Солардың бiрi Ұлы жүз үйсін өздерін "қаратаулықпыз" дейтін біраз үйдің басшысы Береке деген адам болады. Ұсақ қарекет иесі Береке Алматы мен Семей арасында жүріп, Арқат "қожаларымен" танысады. Бердi ақсақал мен Әуез сияқты абыройлы ел адамы оны бауырына тартады. Бұлайша жақындасуларына Береке баласы Әпсәметтiң қолында Әбдірахманның қайтыс болуы себеп болады. Елге де, жерге де қызыққан Береке ағайын таптым деп, Алматы маңындағы Байсеркеден көшіп, Арқат бөктеріне орныққан. Берекенің бұл шешіміне Абай балалары да қарсы болмаған. Көп ұзамай енбекшiл Береке  шаруасын оңдап, бекет маңынан қоныс алып,қы стау салады. Берекенін балалары Әубәкір мен Әпсәмет те еңбекшіл, момын адамдар болыпты. Әпсәметтiн балалары Әзмағанбет, Нұржамал Арқат маңындағы  Береке атанатын қыстауда туып өседі. Береке мен Әуез «достыгымыздың түбiн сүйек айырсын" деседi де, Әпсәметтiң қызы Нұржамалды Омарханға айттырған. Жалғыз ұлының қызығын көprici келген Дінәсіл Нұржамал он беске толғаннан кейін келін ғып түсірген. Дәсiлден туған тоғыз баланың төртіншісі Омархан болғанда, Нұржамалдан туған тоғыз баланың төртiншiсi, жалғыз ұл - Мұхтар болған.

Әуезді жанына көшiрiп алған. Құнанбай Бөрліден қыстау салдырған. Солайша Аралтөбелен - Абай, Тышқаннан  - Ақылбай, Бөрлiден - Әуез мекен жай салып орналасады. Әуез бен Абайдың iргесі  айрылмай,  бірiнiң баласын бірі бауырына салып, араласып кететін негiзгi себебі оcы.

(125-бет)

Еңлік пен Кебек ескерткiшiнен мың метрдей шықпай жатып, сiз "батырлар аулы" атанатын Совет Одағынын Батыры Закария Белiбаев атындағы совхоздын жеріне аяқ басасыз.

"Қозы Көрпеш - Баян сулу" жырында Баянды iздеп шығып, Аякөз бойында тiлдесiп қайтқан ер Айбас елiне қайтарда, осы жермен жүріпті. Ұзак сапарда аты арықтап қалғаннан кейiн, Арқатта аялдаған екен. Содан "арық ат" деген сөзi Арқат болып кетіпті деседi жұрт. Біз жоғарыда Арқат жерiне Ф. М. Достоевский мен Шоканнын "келгенiн де айтканбыз. Шокандар токтаган жердi осы күнге дейiн "Хан сайы" дейді. Ал Шоқан Қашқария сапарына бара жатканда өз баласын ертіп жіберген Боқаш Аупай ұлы туралы Күзенбай ақсақалдың әңгiмесiн де қалың ел окырмандар бiлсiн деген мақсатпен әдейі келтiрдiк. Өткен тарихымыздан да елеулі орын алатын Арқат жерiнде "Жаушы" киносы да түсiрiлген болатын. Әсiресе жаз айларында Арқат жерiне, оның Қопадай әсем көлiне кеп, демалушылар көп кездеседі. Абай атамыз Қоныр Көкше Тобықты болысында бірер жыл қызмет істеген кезде, Қопа көлiнiң жағасына үй тiктiрiп, демалатын едi деп, қариялар әлi күнге еске алады Шыңғыстың бауырына біткен оқшау таулардың iшiнде Арқат - жер шұрайы. Салтанатты үйдің жасауындай текшелеп жиналған ғажап құз жақпар тастар, шырша, қайыңдар, сан салалы бастау бұлақ құятын өзендері  мол өңір. Қопа сияқты текше тастың бауырындағы көл, шік тамшыларынан пайда болғандай, мөп-мөлдiр. Оның шыңдарынан бұлт тарқап, көлiнен құс кетiп көрген емес. Семей облысында құстың базары атанатын Аймақ көлi де осы Арқат жерінде, Абай атамыз каршыға салғызып, осы көлде ұзак күндердi өткiзедi екен. Ал Абайдың балалары Мекайiл, Зікайіл, Әбдірахман, Мағауия, Жағыпарлар қос тiгiп жататын болған.

1941-жылы елiмiзге фашистік Германия  опасыздықпен шабуыл жасағанда, көппен бірге Арқат өңiрiнің ұл мен қыздары да жауға карсы аттанды. Днепр үшін болған  ұлы шайқастағы жан қияр ерліктері үшiн Арқаттык Закария Бельбаев пен Серiкказы Бекбосыновқа Совет Одағының Батыры атағы берілді. Ал "Правда»  Баян Байғожинаның ерлігін жоғары бағалады. Мәншүк пен Әлияның сінлісі деп атады. Павел Кузнецовтың "Шыңғыстау қызы Баян" деген үлкен очеркін жариялады. Көптеген ордендердің  кавалерi атанган Баян Берлинде болған ұрыста ерлікпен қаза тапты. Сол данқты Баянның есiмiн мәңгі есте қалдыру үшін аудан  орталығындағы көшенiң бiрi Баян есімімен аталады.  Ферма  орталықтары мен жастардың бригадаларына да оның есімі берілген. Сондағы орта мектепке Совет Одағының Батыры Серiкқазы Бекбосыновтың аты қойылған едi. Кейіннен село орталығында Батырларға арналған аллея жасалды. Социалистік Енбек Ерлерi

Б. Әбжанов. Оразғали Қазанбаев, Болат Бағдатов, үш "Еңбек Даңқы" орденінің иегері Қасымжановтар ел мақтанышы. Бұл совхоздан кезінде СССР Жоғарғы Советiне депутат боп Болат пен Қазақ ССР Жоғарғы Советіне депутат боп Қарашаш Мырзабековалардың сайланғаны да совхоз жастарын енбекке тәрбиелеуде зор мiндет атқарды. Салық Қармановтай Абай жеріндегі  тұңғыш мұғалiмдердiң бiрi кейiннен халқымыздың салт-дастүрiне байланысты бірер кітапша шығарып, елiмiздiң мәдениетiне өз үлесiн қосып кетті. Шыңғыстай өңiрiнде алғашқы қазақ әйелдерінен партия-кеңес ұйымдарында ұзак жылдар басшылык қызметте болған  Биғайша Алтынбаева  ел құрметтісі. 147-б

Кәмен Оразалин

«Абай ауылына саяхат»  (Ұлы ақынның 150 жылдығына арналады), Алматы «Жалын» 1994ж, 146-бет

 

 

 



Бөлісу: