Қазақ қызы мынадай болуы керек ,жоқ керісінше мынадай болу керек деген сынды сөздерге бәріміздің құлағымыз үйреніп,етіміз сіңісіп кеткен тіпті. Кейбірін құлақ түре тыңдасақ енді бірі тағы соны қайталағандай қашамыз. Бірақ мен тағы да бұл жазбаны ашумен бастап отырмын. Дұрысы қатты ренішпен десем де болады. Соңғы кездері мені бір ғана нәрсе қатты мазалап жүр. Ол-қаракөз қыздарымыздың тәрбиесі. Оқығандар көпке топырақ шашты деп ренжімес, құдайға шүкір деп мақтана айта аламын, массагеттегі қыздар қазір мен айтатын қыздар секілді емес, және сенімді айтуға қорықпаймын. Себебі көпті болмаса да үлкеннің ақылы мен түйгенін көріп,тәлімі мен тәрбиесі мол жазбаларды осы жерден оқыған қыз жаман болады дей алмаймын. Ал мен қатты ашуланған қыздар қандай?Анығырақ кімдер?!
Ол қандай қыздар?! Менің ашуым қара қазандай болатын қыздар - жігіт үшін намысын жерге таптап, ар дегеннен алыстап, тәрбиеден жұрдай , аузына ақ ит кіріп көк ит шығатын,шылым шегіп, кальянды бұрқыратып,сыра ішкеніне мәз болатын қыздар. Бұларды өзім ойдан шығарып отырған жоқпын. Сондай қыздардың барына ,барына емес -ау көбейіп бара жатқанына таң қалып емес жаным түршіге қарайтын болдым. Ашуға булығып неге бұлай кім кінәлі деп сұрасам бәріне жауап мынау-ОРТАҢ,ЖҮРГЕН жерің достарың!!! Солай жауап беріп құтыламыз. Мүмкін. Солай да шығар,ортамыз да кінәлі болар бәлкім.Бірақ мен алыстан мысал іздемеймін,өзім алғаш оқуға келгеннен 4 жыл бойына көргенім - жанымдағы танысы бар, басқасы бар қыздар да темекіні шегіп сыраны сырқыратып, клубтан шықпайтын қыздар болды. Жаман деп айтуға аузым бармайды, бірақ жастығында соларды көрді, қателесті,кейіннен бәрі бір бір отбасының түтінін түтететін жағдайға жетіп балалы-шағалы болып отыр. Түзеп алар жігіттер де табылды.Естерін жинады. Ортама байланысты болса бір нанды солармен бөлісе жедім,мен неге солай шылым мен сыраның жетегінде кетпедім?! барлық нәрсе тәрбиеге ,сана-сезімге ,адамның өзіне байланысты ғой. жігерің мықты болса ғана ,әлсіздік танытпасаң ғана өзің ұстанған бағытпен кетесің. Сені ешкім зорламайды. Аузыңа сыраны құйып,қолыңа шылымды тұтатып бермейді. Бәрі өз еркіңде. Жақсы болу да,жаман болу да. Ондай қыздарды көргенде бұрыстығын айтып жөнге шақырдым да,бірақ тыңдар құлар ұғады,басқасы өзі шешеді. Парызың-қате жолды ескерту. Бұл бір.
Екіншісі және маңыздысы. Бұрындары жігіттер қызға таласып жатса,қазір мұндай жағдайды тіпті көрмейтін болдық. Көрінгенмен қырылысып айдаладағы жігіт үшін бір-біріне боқауыз сөзді айтқан қыздар жиілеп барады. Көргенде ұрғың келеді тіпті, "ақылың бар ма жоқ па , әке-шешесінің соры" деп айтқың келеді тура. Басымнан өтпесе айтпас едім. Өнерде жүрген достарым көп,ия достарым! қызығы ешқайсының "сүйіктісі" емеспін,бірақ қыздар маған түрлі хаттар жазады. Хат болғанда да қандай хат дейсіздер ғой, "қорқытып үркітіп,сен пәленшеге жабыспа,түгеншеден ары жүр" деген тағысын тағы. Оны қойып әлеуметтік желідегі суреттеріме жазатын түрлі "нашар" комменттері тағы бар. Оларды мен тіпті танымаймын. Олар да мені танымасы анық. Мені бір ҚазҰПУ-ым ғана танитын шығар ары барғанда.Бірақ мен жақын араласатын жігіттер де оларды танымайды. Әншілердің өмірі қиын екен. Әнші болмақ,жағасында жүріп суға мен батып жатырмын,жұлып жеуге,түтеп түгін қалдырмауға дайын әлгі қыздар. Оларға мен өзімше диагноз қойдым. "Фанатизм дертіне шалдыққан аурулар" ия дәл осылай. Неге ауру дегенімді мысалмен нақтырақ айтсам.
Атын айтпай-ақ қояйын,бір әнші жігітпен /ол кезде танымал емес біз бірге тұрғанбыз жағдай солай болды/ жақсы араласып едік.араласуымызға әпкелерім себепші болды,бір үйдің балаларындай жүруімізге тура келген-ді. Алматыда квартира мәселесі бар ғой,соның салдары. жасырмаймын арада сезім болды,бірақ одан ары емес. Кейіннен ол танымал әнші , көрермен қыздар арасында кең атаққа ие болған соң біраз жыл өтіп,қыздар достық жібере бастады, ондайда жаман ойламайсың әрине ,қабылдасаң ұрысып шығады, "пәленшеден ары жүр, сен оның қызысың ба " деп, түсінбеймін, ал ол жігіт оларды тіпті танымайды,танығысы да келмейді, /оның сыры маған аян ғой/ жарайды деп үндемедім, бір күні фейктер көбейіп, әлгі жігіттің атынан достық жіберуді шығарды. Оның жалған екенін біліп қабылдамасам "неге қабылдамайсың,қос мені" деп ұрысады фейктер,ол жігіттің атынан шатаспасам 5-6 адам достық жіберген шығар. Тағы бірі жіберіп не дер екен деп қостым да, "ал айта бер мен билемін сен қызсың",- деп бастаганым сол еді "сен байкұс пәленшенің басын айналдырып алмақшысың,ол ақкөңіл ойы арам емес,ал сен сұмпайы қу ойыңды іске асырып уысыңа түсіріп алмақшысың аулақ жүрге" баспасы бар ма?! не айтасың сосын! Былай түсінгенсіп, ғашық қой дейін десең, теледидардан көріп ғашық болып соның достарына айқайлап беру деген миға қонымсыз дүние емес пе?! Мен тіпті өмірде көрмей білмей ғашық болу,ұнату дегенге сенбеймін. Ойлаңыздаршы, ол адам сені танымайды тіпті танығысы келмейді,бұл әлемде бар-жоғың оған қызықсыз,ал сен сол үшін абыройды айрандай қылып төгіп былапыт сөздер айтасың оған қоса күні түні сол адамды ойлайтын Мәжнүннен арысың?! Қазақ қызына тән дүние ма?! Құдай сақтасын беті аулақ. Ия, білем статистика оттап жатыр,қыз көп, жігіт аз. Енді жігіт аз екен деп сол титімдей жігіттер үшін көп санымызды былғау керекпіз бе?! Жігіттер бір-бірімен бір рет қол алысып-ақ түсініседі. қанша ашуланып тұрса да көзбен ұғысады. жігіттер ұрыссын демеймін. Бірақ мұндағы қыздардың тірлігі ауру емей немене?! дерт қой. ғашық бол,әніне ,әннің сөзіне, сахнадағы тұрысына,келбетіне сүйсін. Бірақ есің қайда қыз-ау?! Өмірде ол мүлдем нашар адам шығар ?! Я болмаса былапыт сөзді айтатын адам шығар?! Танымайтын адамды мұншалық сүю деген бола ма?! Мейлі...
Санасыз қыздарды көп көрдім, менің жеке өзіме қаншама былапыт сөздер айтса да "сіз" дегеннен аттамай тұрып намысымды,өз абыройымды олардан әлдеқайда биік қойып үйренгенмін. Алған тәрбием сол. Бірақ кешегі болған жағдай менің ашуыма тигенімен қоймай,көп тістеген тілімді жыландай атылып шығаруыма әкелді. Досыма бір жұмысты бітіру мақсатында смс-хат жолдап едім,не жайында жазғанымды ол жігіт жақсы біледі. хат мазмұны "ертең келетін болсаң айт,жарайма?" бары осы. Артынан бірер минут өтер өтпес бөтен номер қоңырау шалып " сен кімсің хат жазатын?"деп бастаған қыздың дауысы,"Мен түгеншеге жазған едім,жарайды өзімен сөйлесем" деп қоя бердім. Менің ойым,демек бұл сүйіктісінің номері,шатасқан екенмін дедім де қойдым. Артынан қайтадан звондап тоқтаусыз боқтағаны бар ма.....мен түсінбедім?! Мен жынды ма,жоқ мына қыз ба?! "Қыз,тоқта сен әуелі сұрасайшы мен кіммен неге, не жаздым білсейші ұят болады" дегенімді тыңдар емес,боқауыз сөзін жазбақ түгілі айту ұят,олай ер адамдар да боқтамас. "Әріптесімін" деп айтып үлгермедім-ау,айтсам да тыңдар құлақ ,жабылар ауыз жоқ. Уы шашыраған жыландай әлі атылып тұр. Тұтқаны қойсам тағы соғады, көтермесем жаңағыдан екі есе қылып хат жазады. Қыздар не болып барады?! Біз қыздар,қазақтың қыздары осындай ма едік әлде мен соқырмын ба?! Мынау масқара емес пе?! Алдын мені танымаса да өмір бойына менің жанымда жүрген адамдай жігітке бола маған жаман сөздер жазып "сен түгеншенің артынан жүгіресің ол саған қарамайды,ұялмайсың ба жаным ашиды сен әлгіндейсің,сен мынадайсың" деген қыз мұның жанында ойнамай қалды. Ол ғой темір жәшіктің ар жағында батырсынып отыр,ал мынауың кәдімгіше беріліп боқтағанын-ай. Боқтаудан байқау болса гран приді аз көресің мына қызға. шынтуайында бұлардың ешбірі мені танымайды,бірақ бәріне менің өмірім ,менің достарым,менің кіммен көңіл жарастырып, кіммен ұрысып жүргенім маңызды. Мен білмейтін дүниені біліп өсек қылады. Сонда әп-әдемі сол қыздардың өз жеке өмірлері жоқ па?! Әлде соншалықты іш пысарлық па?! Қайранмын,таңмын.жаным ашиды,жүрегім айнып жиіркенемін мұндай қыздардан. Әпке болып сырың мен ақылыңды айта кетсең бәрі осы. Мен олардың сөзіне көңілім түсіп я болмаса мұқатылып қалмаймын. Рас, ел көкірек деп ойласа ойласын бірақ мен тек өз ережеммен өмір сүремін. Мені жамандаса демек мен олардан әлдеқайда алдамын,қызығып іштарлықтан жасайды деп ақылға келемін. Күліп қарауына қараймын-ау,бірақ осы жиіркенішті қылықтың бәрін өзіміздің ауылдан шыққан қазақ қыздары жасап жатқанын көргенде "ішіп кеткің" келеді....
Мен қазақ қыздарына қайран қаламын ия,осындай қыздарына қайран қаламын. Намысты аяққа таптап,сені сүймек түгілі сыйламайтын еразамат үшін өзге біреуге былапыт сөздер айтып, қыз деген аттан алыстап кету деген нағыз сорақылық шығар... бейшаралық жасамайықшы, жақсыға жымия қарап,жаманды түзеуге тырысайық, көреалмау,қу өсек айтып еру мұсылманға тән дүние емес!!! Әркім өз өмірімен өмір сүрсінші. Тыныш қойыңыздарды, тиіспеңіздерді! Қыздар "мынау пәленшенің қызы" деген атқа лайықты болу керекпіз,әр әркетіміз әке-шешеміздің берген тәрбиесінің жемісі болу керек. Менің әкем мұндай нашар тәрбие бермеді деп толқтатыңдар өздеріңді тіпті болмаса,намыс оянсыншы!
Жаныма батқаны жақында ғана осындай ұрыс -керіспен /әлеуметтік желіде/ бір қыз қоңырау шалып сөздің анығына тоқтап есін жинатып едім, ақылы бар деп ерте шешіппін,тіпті дос санап жақын тартқаныма өкінемін. Менің ол сүйген жігітке еш қатысым жоқ екенін білген соң құрбы болып кеттік деп алаңсыз жүрсем,ол менен білген бүкіл мағлұматты жинап өзіме "атакаға" шыққанынна таң қалдым. "жігітімді мазалама,неге қоңырау шаласың" дегеніне жағамды ұстап қалдым. Кешіріңіз,мен шаруамен жігітің тұрмақ әкеңе де қоңырау шаламын,ол менің шаруам! Мен біреуге неге пәленшеге соғасың деп айтпаймын,шаруасы бар ма жұмыс па соқсын,шатағымыз қанша. Елдің әкелері тұрғанда жігітің кім еді...Маған керек пе мазалаймын,бастысы жеке өміріне қол сұғу жоқ,өз өмірім өзіме жетерлік,өзгенің сасық тірлігі 1 тиынға қымбат. Осындай сөздер айтып күлкімді келтіретін қыздарға шын айтам түкіремін де қоямын,ренжімесін. Милая Аннадан Железная ледиге жеттік. Шыдамның да шегі бар!!!
ПЫ.СЫ: айтқандай әлгі кеше қоңырау шалған "ауруға" кешке дейін кешірім сұрамасаң өкінетін боласың деп айттым! Сағат 18-14! Мен де қаталдық жасадым Аллах өзі кешірсін!