Ардан бездік қазағым...
блог
Қаймана қазағым,тіпті неден бастарымды білмей тұрғаным. Мендегі өзекті өртейтіні қыз баланың оң босағада отырып, жүкті болуы.Бұрын итің жаман десе, жерге кіретін қазағым...эх...қазір ше? Жүректе иманның əлсіздігі ме, əлде қу тіршілік қамымен алысқан ата-ананың бала тәрбиесінен шеткері қалуы себепшіл ме. Етіміз үйренді, үйде отырып балалы болғанды бала кезімізде сирек еститінбіз. Тарихымызда ары таза болмай келген қыздың, бетіне күйе жағып, қолына тесік қазан ұстатып, есекке теріс мінгізген сəттерде болған екен. Біз рухшыл, намысшыл Қазақ деген ұлттың ұрпағы едік.Өкінішке орай қазір ұсақталдық,майдаландық. Көз қарасы өткір əкелеріміз азайды. Қызы некесіз сəбиді дүниеге əкелсе,еш шімікпестен өз атына салып алады. Қайран қазағым, құлдырап төмен сырғыған. Біз неге сонша құлдырап барамыз. Кешегі арын берік ұстаған аналарымыз, ақ сүтімен бізге тектілігін жеткізе алмағандығы ма. Əлде өзге елге еліктейміз деп, түбімізден айырылдық па...Қиямет,шапқыншылық кезінде аруларымыз арын бəрінен артық қойған, тіпті өзгеге қор болып тапталғанша,сүйегімді құшақтасын деп өзіне қолда жұмсаған. Қазір бізде, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған кезең, бірақ пендең азғындады, ардан безді...