АРДАҚТЫ АТА-АНАҢДЫ КӨЗІ ТІРІСІНДЕ СЫЙЛА

АРДАҚТЫ АТА-АНАҢДЫ КӨЗІ ТІРІСІНДЕ СЫЙЛА
жеке
блог

1. Жақсылықты күтейік тәңірінен,

2. Бәрі де бір Алланың әмірімен.

3. Дінге берік мұсылман бабамыздың,

4. Жаңылмайық тәрбие-тәлімінен.

 

1. Құбылаға алақан жайды бабам,

2. Хақ жолынан жөн болар айнымаған.

3. Өмірдің заңдылығы ой салады,

4. Құдайдың құдіреті жайлы маған

 

1. Алланың әмірімен қымбатты анаң

2. Тоғыз ай құрсағында құндақтаған

3. Дүниеге іңгәләп келгеніңде

4. Жан қалды ма жүрегін жырлатпаған

 

1. Түндігін жарық дүние түреді де,

2. Ие болдын отбасы тілегіне .

3. Құшағына қысып ап сүйеді анаң,

4. Бөлекше бөлеп сені жүрегіне.

 

1. Патша көріп өзіңді өбектеді,

2. Өзгеше дүниеге теңетпеді.

3. Еңбектесең еңбектеп жүгіретін,

4. Әкеңнің махаббаты ерекше еді.

 

1. Қолым айға жетсе деп талаптанып,

2. Жастық шақ жетер бір күн қанат қағып.

3. Осылай өмір алға жылжиды екен,

4. Күн артынан күн өтіп парақталып.

 

1. Сен дегенде жігері жасымаған,

2. Әкең еді тынымсыз асыраған.

3. Уақыт жетіп бір күні қартаяды.

4. Ақ сүт беріп өсірген асыл анаң.

 

1. Перзенттік борышыңның өтеуі не?

2. Не бердің, не сыйладың екеуіне?

3. Әкең үшін не қызмет етіп едің?

4. Анаң үшін Алладан не тіледің?

 

1. Ата-анаңа өтейтін қарызың бар,

2. Жүректерін шалмасын қалың ызғар.

3. Осыны ойлап өлген соң өкінбегін,

4. Бастырған соң көк таспен көкірегін.