Ардагерім – ардақтым!

Ардагерім – ардақтым!
жеке
блог

NIS халықаралық бакалавриат мектебінің оқушылары және елордалық Жастар саясаты орталығы Ардагерлерді жеңіс күнімен құттықтады.

Нұр-Сұлтан қаласында бүгінде 18 соғыс ардагері бар. Денсаулық я отбасылық жағдайларына байланысты барлығы қатыса алмағанымен, 11 батырымызға құрмет көрсетудің сәті түсті.

Арнайы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының үрлемелі аспаптар оркестрімен бірлесіп, «Red bus» экскурсиялық екі қабатты автобусымен қала көшелерін аралап  мерекелік көңіл-күй сыйлады. 

Мектеп қауымдастығы атынан ардагерлерді құттықтау құрметі 9–8- сынып оқушылары: Әлнұр Ғазизұлы, Ерасыл Жағалбаев және Сабина Бейсенбаеваға түсті.

Ата мен бала арасындағы байланыс қашан да біздің елімізде маңызды. Балалар 100-дің шыңына жеткен аталарымыздан өсиет-өнеге естіп, қол жайып баталарын алды.

— Мен үшін бүгін тарихи күн. Бұрындары соғыс ардагерлерін теледидардан ғана көрсем, қазір аталарымызды арнайы келіп құттықтадық. Басты тілегіміз— денсаулық, — дейді Сабина Бейсенбаева.

Құттықтауға атсалысқан барлық қатысушылардың бүгінгі күн есінде қалары сөзсіз. 

Ардагерлеріміз жасасын!