Ардагерлерді ардақтайық

Ардагерлерді ардақтайық
жеке
блог

"Кәріге құрмет – балаға міндет" - дейді, халқымыз. Қазыналы қарияларды құрметтеуді мақсат еткен жасотандық жастар қолдарына құрал-саймандарын алып қариялардың үйлеріне қарай жолға шықты.

1

 

"Жас Отан" Жастар қанатының "Ардагерлерді ардақтайық" жобасы Батыс Қазақстан облысында сәтті жүзеге асып келеді. Тек Орал қаласының аумағында ғана емес, сонымен қатар Сырым, Қаратөбе, Жәнібек, Жаңақала, Бөрлі аудандарының жастары да белсенділік танытуда. Облысымыздың барлық жастарын игі істің басында жүріп, қарияларға құрмет танытуда белсенді болуға шақырамыз. 

"Адам сәбиінде бір бала, 
Қартайғанда тағы бала." - дейді, қарияларымыз жас балаша қуанып, алғыстарын жаудырып жатты. Үлкеннің батасын алу біз секілді жастарға зор мәртебе.

1

3

3

2

4

 p.s.  Қарт жақсы жас өнерін қолдаса, күндемесе, 
Жас жақсы қарт ақылын тыңдаса, тілдемесе.