Ардагерлер – ардақты ерлер!
блог
Ұлы Отан соғысының ардагері Ұзақбаев Базарбай 1900 жылы шаруа отбасында осы күнгі Аспара станциясы (Жайпақ) ауылында дүниеге келген.Сол заманындағы замандастары сияқты араб тілін оқып үйренген.
1931-1933 жылдары «Асыра сілтеу болмасын,аша тұяқ қалмасын» - деп ұрандаған, асыра сілтеушілердің аштық азабын бастан өткізген.
1941 жылы 40 жасында әскер қатарына шақырылған. 1945 жылы Ұлы Отан соғысынан аман-есен елге оралды. 1941-1945 соғыс ардагерлер белгісімен,медальдармен марапатталды.Ұлы Отан соғысының екінші дәрежелі медальі берілген. Ұлы Отан соғысынан елге оралған соң Алға совхозы бұрынғы (Жаңа тұрмыс) калхозында ауыл шаруашылық жұмыстарын жасап зейнетке шықты.
1981 жылы жаратқанның жазуымен бұл өмірден озды.Отбасында екі ұл Тохан,Тоқтарханнан ұл-қыздар, немере, шөбере, немене ұрпақтары тараған.
Руы: Күнту,Саламат,Ұзақбай,Базарбай