Әрбіріміз Мұқағали Мақатаевтың өлеңін жаттап жүрейік
блог
Кураторлық сабақ мақсаты: М. Мақатаевтің өмірі мен шығармашылық еңбегімен таныстыру. Ақиық ақынның жырларымен таныстырып,студенттердің поэзия туралы түсініктерін, сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту. Оқушыларды өздігінен іздену арқылы деректермен жұмыс істеуге баулу. Студенттерге поэзияны сүйе отырып, сұлулық пен махаббатты тануға, адамгершілік мен мейрімділік қасиеттерін, өнерді құрметтеуге тәрбиелеу. Сабағымыздың жоспарына сәйкес: 1 бөлімде «Мұқағали Мақатаевтің өмірбаяны» жайында 3 студент сөз алды, 2 бөлімде «Мұқағали Мақатаевтің шығармашылығы» жайында 4 студент сөз алды, 3 бөлім «Мұқағали Мақатаевтің поэзисы» бойыншы 5 студент сөз алды, міне осы бөлімдер бойынша сабағымыз өте қызықты өтті.
Мұқағали Мақатаев 1931 жылдың 9-ақпанында Алматы облысы, Нарынкөл ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген – деп алғашқы болып сөз алған Сағынтаев Абат студенттердің назарын өзіне аудартты. Ары қарай өмір жолын, кезекпен студенттер жалғай берді. Өте жақсы енді студенттер, осы мағлұматтарды терең меңгеру үшін мына бейне баянға назар айдарайық, деп Мұқағали Мақатаевқа арналған деректі фильмді тамашаладық. Мұқағали қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. Ақынның «Аманат» жыр жинағы 2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бүгінде Мұқағали ақынның 13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар екені анықталып отыр. Ақын қай тақырыпты жазса да жалған сезім, жылтырақ сөзге әуес болмады. Мұқағали шығармашылығының негізі «өзін – өзі» зерттеуден тұрады. «Өмірдастан» атты топтамалы талғауында жесір жеңге образы арқылы тылдағы халық өмірі мен адамдық, азаматтық, адалдық, ар намыс, рух пен нәпсі арасындағы толласыз күрес психологиялық шиеленіс арқылы шебер жеткізілген. Ол әсіресе тауды, қазақ ауылын көп жырлайды. Мұқағали дәстүршіл ақын, ол өлеңге интонация, инверсия, мазмұн тұрғысынан жаңалық енгізді. Мұқағали поэзия жанрында ғана емес, проза, драма, сын саласында да қалам тартты. Ақын өз шығармашылығында әр- түрлі тақырыптарда жаза білген. Қорыта келе айтарымыз. «Ғасыр ақыңы» атанған Мұқағалидің барлық еңбегі тұтастай алғанда, өткен ғасырдың екінші жартысындағы қазақ елінің рухани дүниесін, тұрмыс-күйін, арман-мүддесін, тарихи тұрғыдағы ұлттық портретін шыншылдықпен хаттаған асыл мұралар қатарына жатады. Өлеңмен де, өмірмен де бүкпесіз қауышып, қалтарыссыз сүйген ақын жүрегі соңғы деміне дейін кіршіксіз сезім өртінде өтті. «Жүрегінің түбіне кір жасырмай» айтып кетті, армансыз ақтарылып кетті. Мұқағали шығармашылығы әлі де терең зерттеу қажет деп ойлаймыз. Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы.
М–Мұқағалидың
Ұ–ұрпаққа
Қ–қалдырған
А–аманатын
Ғ–ғасырлар
А–арнасына
Л–лайық деп
И–иіліп , бас иеміз. –барлығымыз бірге, Рахмет! – деп кураторлық сабағымызды
аяқтадық.