5. Роальд Даль " Чарли және шоколад фабрикасы"
Роальд Даль өз туындыларында әлемге бала көздерімен қарайды. Ертегідегідей сюжетке құрылған роман шын мәнінде балалар үшін үлкен тәрбиелік мәні бар. Басты кейіпкер Чарли кедейшілік пен жоқсыздықта өмір сүрсе де, ата-анасына деген құрметі, сүйіспеншілікті ұмытпайды. Команда ата-анаға деген құрмет, бауырмалдық пен сыйластық мәселелері көтеріледі.
4. Мұхтар Мағауин " Бір атаның балалары"
Ұлтшылдық, расизм сияқты мәселелерге қарсы шығып, бауырмалдық,әділеттік, сыйластық сынды қасиеттерді алдыға қоятын шығарма.
3. Бердібек Соқпақбаев " Менің атым қожа"
Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің шоқтығы биік жетістігі, әдебиет әлеміндігі оқушы, мұғалім, бала мен ана арасындағы қарым-қатынасты бұқпасыз, боямасыз көрсететін, әзіл-қалжыңы аралас, сол кезеңдегі қазақ психологиясын көрсететін туынды.
2. Антуан Экзюпери " Кішкентай ханзада"
Оқуға тиісті кітаптардың кез келген тізімінде ойып орын алатын тамаша туындылардың бірі. Жауапкершілік, мейірім, ақылдылық жайындағы өте нәзік әрі батыл кішкене ханзада жайындағы әңгіме балалар үшін емес, ересектерге де қызықты болады. Себебі, автор кіріспеде жазғандай, бұл кітап ересекке де, нақтысын айтқанда бала кездегі ересекке арналған.
1. Мұхтар Әуезов " Абай жолы"
Топ-1 - дегі кітап қандай екен деп ойландыңыз ба? Меніңше, бестікте алғашқы орын дәл осы роман-трилогияға беру заңды әрі әділетті деп ойлаймын. Оқушы ғана емес, кез келген қазақ оқуға тиісті туынды. Баланың өз тарихын, дәстүрін, әдебиеті мен мәдениетімен таныстыруға, оны түсінуге таптырмас алтын дүние, рухани азық.