Әрбір әзіл түбінде, бір шындық бар

Бесобада үй құлаған кезде Астанадан комиссия келіпті. Кірпіштен сұрапты. - Әй неге құладыңдар? Не болды мына 5 этаж үй? - депті. Кірпіш: - Аға, менің қатысым жоқ, арматуралар майысты, солар құртты, содан сұраңыз, - депті. Комиссия арматурадан да сұрапты. Арматура: - Аға, менің кінәм жоқ, балкалар ғой сынған. Содан сұраңыз депті. Балкадан комиссия келіп сұраса Балка айтады дейді: - Аға, менің түк кінәм жоқ, цемент ұстамаса мен не істей аламын, - депті. Комиссия цементтен сұрапты. - Әй Цемент, мынауың не, әжептеуір үйді құлаттың. Балканы майыстырып, арматураны қисайтып, кірпішті шашып жібердің. Осының барлығын ұстап тұратын сен едің ғой. Ұят қайда, - депті. Сөйтсе Цемент айтыпты: - Аға, жаланы маған жаппаңыз, менің түк қатысым жоқ оған. мен ваще ол жерде болған жоқпын, - депті))))))



Бөлісу: